Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
85 материал табылды

Ән • 01 Наурыз, 2025

Аңсарлы күйдің асқақ әуені

«Сүю деген бірге өлу деген сөз ғой, Ғашықтық деп өзгерткен кімдер оны?» Есенғали ақынның осы бір жыры үнемі есімде жүреді. Ал шынында сүю деген сөздің түп-төркініне жеткен жан аз ғой, аз. Өмір бойы көкейден кетпей жүрген осы сұрақтың жауабын мен, әрине, әннен, ән болғанда да халық әндерінен табам-ау деп ойламаппын.

Мирас • 26 Ақпан, 2025

Француздарды қазақ тарихымен таныстырады

Париждегі Эмиль Гиме негізін қалаған Азия өнерінің ұлт­тық музейі жыл сайын әлемнің түрлі елінің тарихын таныстырады. Бұған дейін Тәжікстан (2021), Ауғанстан (2022), Жапония (2023) мәдени мұрасын паш еткен музей биыл Қазақстанның тарихи қазыналарын жинақтап отырғаны белгілі. Ол туралы француздың geo.fr сайтында: «Орталық Азияның аз зерттелген алып мемлекетінің таңғажайып тарихы» атты мақала да жарияланыпты.

Әдебиет • 25 Ақпан, 2025

Адамзат жүрегінің алтын сағаты

Бұрындары Қасымның «Абдолла» дастаны деп аталатын. «Ақын өлімі туралы аңыз» деген сөз тақырыпша ретінде жақшаға алынатын. Кейіннен ғайыптан тайып Қ.Аманжоловтың осы поэмасының тақырыбы жоғалып, «Ақын өлімі туралы аңыз» деген жақшаға алынған түсінік тақырып болып шыға келді. Ақынның бұл шығармасына тоқталмаған әдебиетші, сыншы жоққа тән шығар. Сондықтан жаңалық ашайын деп отырғанымыз жоқ. Алайда Абдолла туралы айтпай кетуге бола ма?

Әдебиет • 21 Ақпан, 2025

Саз бен сөз сабақтастығы

Балуан шолақтың «Ғалиясын» Әміре Парижде шырқады ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Олай дейтініміз, өткенде өнер зерттеушісі Рүстем Нүркенов Сәкен Сейфуллиннің «Ақан сері» атты өлеңінен серінің екі бірдей әні Парижде шырқалғаны жөнінде деректі алға тартқанын оқыдым.

Кино • 20 Ақпан, 2025

Әлем талғамындағы «Әбіл» фильмі

Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31-Vesoul халықаралық Азия кино­фестивалін (Франция) жеңіспен аяқтап, бірден үш бірдей мәртебелі марапатқа ие болды.

Руханият • 07 Ақпан, 2025

Қалам қуаты

Шынында да, бодан елдің баласының басында қандай бақыт бар деп ойлауыңыз мүмкін ғой. Ал асылында мүмкін еместің көбі тығырыққа тіреліп, бәрі бітуге айналғанда барып үміт сәулесінің шеті көріне бастайтынын өмірлік мысалдар айғақтайды. Бұл туралы тамаша тәмсілдер Пауло Коэлоның «Алхимик» романында да әдемі суреттеледі. Қой бағып, қиялы қай жерден қоңырау қақса, сонда жүгірген бақташы баланың өмірі барлық мүмкіндік түгесілген жерден басталушы еді ғой және құлап қайта тұрулар қайталанып отырады. Атақты туын­дымен қатар, Нобель сыйлығын еншілеген бірнеше романды қазақ тіліне тәржімалаған қаламгер-аудармашы Марал Хасеннің шығармашылық еңбегі мен телегей білімі туралы қазір әңгімелей алатын екі қазақ болса, соның бірі – әріптес ағамыз, белгілі журналист Жомарт Оспан екенін айтқымыз келеді.

Ән • 05 Ақпан, 2025

Дүниені тербеген ғажап әуен

Еріксіз байлап-матап қоятын нәрселер болады. Біреулер құбылыс, тылсым деп жатады. Өтіп бара жатып кілт тоқтайсың да, арбалып тұрып қаласың. Мәселен, «Менің атым – Қожа» немесе «Тақиялы періште» сынды фильмдерге әлі күнге «қадалып» қалатынымыз бар. Тура сол сияқты эфирде «Дариға-дәурен» әні қалықтаған жылдары да әлгіндей күйді талай кешкенбіз. Иә, ақын Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Тұрсынжан Шапайдың әні «Дариға-дәуренді» Рамазан Стамғазиев орындағанда еріксіз мойын бұратынбыз. Ән баурап, өзіне байлап-матап алатын. Өнер деген осы да.

Руханият • 24 Қаңтар, 2025

Даналық әлемінің бастауы

«Мен бір жұмбақ адаммын» деп хакім Абайдың өзі айтыпты. ХХ ғасырда туған Тәкен Әлімқұловтың абайтануға қатысты соқталы еңбегі де «Жұмбақ жан» аталыпты. Бір жоқты бір жоқ табады дегендей, сіз жұмбақтың сырын жұмбақ ашады дегенге қалай қарайсыз? Абай әлемін оқытқан өз алдына, сөзжұмбақ, ребус сынды ойландыратын дүниелер арқылы ынтасын оятса қайтер екен? Баланың ынта-ықыласын оятарға бұл да бір көмекші құрал емес пе? Оған Абай әлеміне бастайтын матаусөз (кроссворд), бағдарсөз (сканворд), сөзден сөз (анаграмма), сан сөз (криптограмма), тізбесөз (чайнворд) қайда дайын тұрған деуіңіз де мүмкін ғой. Бар, тіпті жеткілікті. Тұтас Абай әлеміне жетелеп, ойландыратын сөзжұмбақтардың неше атасы топтастырылған кітаптар кімді болсын бейжай қалдырмауға тиіс. Алайда авторы осы дүниелері ел арасына таралса, «бәлкім оқырмандар қажетіне жаратар ма еді?» дейді.

Тарих • 14 Қаңтар, 2025

Ғалам жанының ғадауаты

Махаббат болмаса, ғадауат та жоқ шығар, кім біліпті. Демек махаббат туған күні ол да бірге келе ме, әлде әуелде махаббаттың жаңғырығы мен жарқын сәулесінен шошып оянып, әдетіне басты ма екен? Ой еңбегін былай қойғанда, жан еңбегі, сана-сезім, рух биігіне құлаш ұрушы ақын-жазушының шиырлаған тақырыбының бір парасы осыған саяды.

Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024

«Егемен» елге жеткенше...

Газет тойы қарсаңында не нәрсеге мән бермедік. Зерделі оқырмандар өздері-ақ хабарласып, бас басылым туралы жазып жіберіп жатыр. Бұрынғы басшылардың жолдап жатқан жазбалары өз алдына. Басылымның арғы-бергі өмірі, атқарған қызметтері, әуелі газет бетінде көрініп барып шешімін тапқан мәселелерді хатқа түсіріп жіберген жанашыр елдің лебізін оқығанда, әрине, ұжымдағылардың мерейі өсіп қалады. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, бәрі-бәрі қамтылып жатқан сияқты. Түпсананың тұсбағдарын бір сілкіп қарасақ, бәрі жазылып жатқандай көрінгенімен, газет өндірісі, «Egemen Qazaqstan»-ның бүгінгі тыныс-тіршілігін, бейнелеп айтқанда, сіз көрмеген «от пен судың» ортасын ұмытып барады екенбіз-ау дестік.