Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
36 материал табылды

Қоғам • 22 Қазан, 2024

Вашиңтоннан сөйлеп тұрмыз...

Мұқағалидың америкалық оқырманы Сол күні сабаққа кешігіп бардым. Кешіккен мен емес, Вашиңтон метросы еді. Біздің топпен кездесуге келген америкалық журналист сөзін аяқтады да, маған қарай бұрылды. «Сіз өлең жазады екенсіз ғой, Мақатаевты білесіз бе?» деп маған қарай жақындады қартаң әйел. «Білгенде қандай, күллі қазақ ол кісінің өлеңдерін жатқа оқиды», дедім.

Ғылым • 09 Қазан, 2024

Зерттеу нысанасы – АҚШ-тағы қазақ диаспорасы

Алуан тағдыр жетелеп, төрткіл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақтың тұлымды ұлдары мен бұрымды қыздары бұл күн­дері әлемнің әр елінде білім алып, тіпті сонда қоныс теуіп, қызмет етіп жүр. Еліміз тәуел­сіздігін алғаннан кейін шетелдердегі этностық қазақтардың саны өспесе, кеміген жоқ. Сол үшін де кезінде шетел­дегі қазақтарды тарихи отанына қайтару күн тәрті­біндегі маңызды шаруаның біріне айналды.

Таным • 04 Қазан, 2024

Ғасыр бұрынғы дала өмірі (АҚШ ғалымының көзімен)

«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағдыры-талайы туралы әркім өз шамасынша толғады, жазды, айтты. Ал алпауыт елдерде туып-өсіп, өзін ғылымға арнаған тұлғалардың қазақ хақында қалам тербеуі, ізденіс жасап, оны ғылыми айналымға енгізуі, әрине, құптарлық, қуанарлық жайт. Біздің қолымызға түскен Гарвард университетінің мұрағатында сақталған қазақ туралы топтама суреттер сайын даланың төсінде жүрген халқымыздың кей сәттерін еміс-еміс еске салады. Осыдан 97 жыл бұрын, яғни 1927 жылы түсірілген бұл суреттер өткен ғасырдағы қазақтың қаз-қалпындағы бейнесін көрсетіп тұр.

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024

Әуезовтің америкалық оқырмандары

Джордж Вашингтон университетіндегі әлем әдебиеті туралы кезекті дәрістен шықтық. Қараша айы демесек, қаланың кеші тым суық емес. Сырт көзге Вашингтон студенттер қаласы сияқты болып көрінеді. Қай көшеге, қай бұрышқа қарасаң, топ-тобымен жүрген студенттер шоғыры. Қасымда бірге келе жатқан жетекшім, профессор Питер Роллберг: «Былай жүрелік, ана жерде Пушкиннің ескерткіші бар, соның қасындағы орындыққа отырып, аз-кем әңгімелеселік», деді. Діттеген жеріне бардық. Шынымен де, анадайда Пушкиннің алып тас-бейнесі қасқайып тұр.

Басылым • 26 Қыркүйек, 2024

Өнер дарынының ерекше кітабы

«Ғасырлар бойы музыкадағы драмалық жаңа идеялар мен формалардың пайда болуы туралы қызықты мәліметтер осы кітапта деп ойлаймын...». Бұл физика саласы бойынша 2004 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Дэвид Политцердің қазақ музыканты Рахат-Би Әбдісағиннің жақында ғана Германияның «Springer» баспасынан жарық көрген «Кванттық механикалар және Аванд-Гардтық музыка» атты су жаңа кітабының мұқабасына жазған сөзі.

Зерде • 29 Ақпан, 2024

Міржақыптың беймәлім суреті

Мына жұмыр жер бетінде қаншама халық өмір сүрсе, соншама тарих алтын әріптермен жазылды. Маңыздысы, кімнің тарихы қалай жазылды, уақыт кемесі оны асау ағыстар мен бұла бұлқыныстардан қалай аман-есен алып өтті деген ұлы сауалға келіп тіреледі. Қа­лай десек те, өз тарихы мен мәдениеті үшін көкірегін мақ­та­ныш кернейтін халықтың бірі қазақ екені рас. Қадау-қа­дау ғасырлардан өз еншісін алып, даласының байлығын, мә­дениеті пен дәстүрінің өзге­ше­лігін, өлеңі мен жырының өміршеңдігін мұрат тұтты. Әне, со­ның нәтижесінде артында ұшан-теңіз мұралар қалды.

Сұхбат • 28 Ақпан, 2024

Изабель АЛЕНДЕ, жазушы: Кітаптарым 77 миллион данамен сатылды

Ол бала жасында оңашалықты қалап, Шекспирдің кітапта­рын оқып өсіпті. Өмірдің сан қатпарлы сырына, ғажайып әлемнің өзгеше құбылыстарына ерте қызыққан ол кейін өсе келе магиялық реализм стилінде қалам тербейтін үлкен жазушы болды. Чилидің әдебиеттегі Шолпан жұлдызы атанған Изабель Аленде бір ғана «Рухтар үйі» атты романымен әлемге танылды. Романнан саяси ас­тар іздеген оның туған елі аталған шығарманы басып шығаруға тыйым салды, тіпті сол тұста өзге испан тілді елдер­ де Изабель Аленденің есімінен ат-тонын ала қашты. Бұл күн­дері Калифорнияда тұрып жатқан оған сұхбат алу ойымыз бар екенін айтып хабарласқанымызда, тұңғыш рет қазақ журналисіне сұхбат беріп отырғанын айтып, келісім берді.

Тарих • 15 Ақпан, 2024

Комбайншы қыз

Өткен ғасырдың 40-жылдарында арнайы Қазақстанға келген Уиллиям және Зелда Коутестер бірігіп жазған кітабында бұрын жарияланбаған комбайыншы қазақ қызының суретін жария етеді. Суреттің астында «Қызыл комбинат» кеңшарындағы қазақ әйелі Құдияш Әбнимасова» деген ағылшынша түсіндірме берілген.

Зерде • 07 Ақпан, 2024

Жамбылдың бір суреті Америкадан табылды

АҚШ астанасына оқуға келгелі менің ең көп баратын жерім – қаладағы үлкен кітапханалар. Осы сапарға аттанғандағы мақсатым бойынша кітапханалар мен архивтерден қазақ туралы деректер іздеуден жалықпаймын, нәтижесі де жаман емес. Небәрі үш айда халқымыз туралы деректері бар жиырмадан астам көне кітап пен сурет қоржыныма түсті.

Руханият • 07 Қараша, 2023

Үнді қайраткері Қазақстан туралы не жазды?

Кейде айна-тарихтың бетін сүрткен сайын оның ар жағынан өткен дәуірдегі алуан түрлі оқиға, тарихи шындықтар, тіпті заманның ағысына төтеп беріп, өз еңбегімен ел жадында қалған тұлғалар туралы деректер кездеседі. Сол үшін де кешегі күннің оқымыстысының бірі Хенри Гласси: «Тарих – өткен күн ғана емес, ол қазіргі жиһанкезге пайдасы зор белгілі бір көзқарасқа ие карта» деп бекерге айтпаса керек. Қалай десек те, қазақ тарихы қазған сайын қазынасы қопарылып шыға беретін сарқылмас байлыққа ұқсайды. Әрине, тамыры терең, салты мен дәстүрі бекем елдің өткен уақыттың еншісінде өз үлесі болары даусыз. Отарлық саясат қанша жерден бұғалық салса да, тарихты ешкім тұншықтыра алмайтынына көз жетті. «Тарих сұрақ қоя білген адамға ғана жауап береді». Бұл парасатты сөзді осыдан бір ғасыр бұрын дүниеге келген Хаджо Холборн айтыпты. Оның бұл пайымы өз тарихыңды іздеуден жалықпа дегенді айтып тұрғандай. Әрине, іздейміз де. Өткен дәуірге, қызыл көз қоғам мен солақай саясатқа біздің көбірек есеміз кетті.