Білім • 25 Қараша, 2025
Ғылыми тағылымдамаға жаңаша көзқарас керек
Бүгінде халықаралық «Болашақ» бағдарламасы еліміздің білім брендіне айналып үлгерді. Білім мен ғылымы дамыған елдің бәсі биікте болатынын озық елдердің тәжірибесі көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына жоғары баға беріп: «Бұл – Қазақстанның әр түкпіріндегі дарынды жастарға жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі. Осы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізді. «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі бүгінде түрлі саладағы оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр» деген еді.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қадыр ақынның жары Салтанат апайдан көлемді сұхбат алып болған соң, қайтуға сыртқа беттеп бара жаттым. Кенет, «сен де бірдеңе жазатын баласың ғой, ә?» деген жылы дауыс естілді. Жымиып «иә» деп жауап бердім. «Онда бері келші, ағаңның жазу кабинетіне кел», деді де ішке қарай қайта шақырды.
Пікір • 21 Қараша, 2025
1933 жылы «The New York Times» газетінің тілшісі Уолтер Дюранти «Кеңес одағында аштық болған жоқ» деген мақала жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Ол бір жыл бұрын Пулитцер сыйлығын алған еді, тіпті осы марапаты әлі күнге сақталып келеді. Ал дәл сол уақытта қазақ даласында, Украинада миллиондаған адам аштықтан қара жер құшып жатты. Соны біле тұра алпауыт басылымның тілшісі әлем оқырмандарына неге жалған ақпарат берді? Әрине, Сталиннің қылмысын жасыру үшін.
Мәдениет • 18 Қараша, 2025
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өткен іс-шарадан шыққан соң, құлағымда Құрманғазының «Адай» күйінің сарыны саңқылдап тұрды. Әлгінде ғана өзге ұлт балалары аталған күйді орындағанда саусақтарына, сосын домбыраның пернесіне үнсіз назар салып отырғаным рас. Бұрынғыдан басқаша, тіпті әуезді шерткенін де отырған жұрт байқады. Бұндай өнер көрсету үшін өнерпазда таза жүрек болуға тиіс.
Ғылым • 14 Қараша, 2025
Жаңалығын қарт құрлық бағалаған ғалымдар
Тәуелсіз елдің талантты ұл-қыздары бүгінде әлемнің әр қиырында білім алып, біліктілігін арттырып, қоғамға өз үлестерін қосудан жалыққан жоқ. Жақында Лондонда тұратын Сапар Жеңісұлымен жақын танысудың орайы келді. Әр сөзін салмақпен айтатын Сапар мырзаның сол кездесудегі айтқаны осы мақалаға жүк болды.
Сұхбат • 13 Қараша, 2025
«Америкалық оқушылар қазақ тіліне қызығады»
Бүгінде қазақ жастары әлемнің әр қиырына сапар шегіп, өз білімдері арқылы зор мүмкіндікке қол жеткізіп жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Солардың бірі – Америкада мұғалім болып жұмыс істейтін Салтанат Сырлыбаева. Біз бүгін оқырманға талапты жас педагогтен алған шағын сұхбатымызды ұсынып отырмыз.
Мирас • 12 Қараша, 2025
Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.
Таным • 12 Қараша, 2025
Есет Көтібарұлы – Батыс зерттеуінде
Орталық Азияны зерттеуші ғалым, британ қаламгері Деметриус Чарльз Де Кавана Боулгердің (1853–1928) «Орталық Азия портреттері» атты 1880 жылы Лондонда жарық көрген зерттеу кітабында Досмұқамед ханнан Якоб ханға дейінгі аралықтағы Орталық Азия тұлғаларының өмірі мен деректері, олардың ұлт азаттық күресі жолындағы еңбектері нақты дәлелдермен жазылғанын аңдадық. Осы еңбекте автор қазақ батыры Есет Көтібарұлына бір тарау арнайды.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Қазақ тіліне құштар француз қызы
Кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ тілін үйренгісі келетін шетел азаматтарының қатары көбейіп келеді. Әсіресе Еуропа, Түркия, Қытай және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқытатын арнайы орталықтар, онлайн курстар мен клубтар ашылып жатыр. АҚШ-тағы Джордж Вашингтон, Гарвард университеттері және Аризона жоғары оқу орындарында қазақ тілі бойынша арнайы бағдарламалар енгізілген.
Білім • 05 Қараша, 2025
Кейінгі жылдары отандық ғылымдағы зерделі жас зерттеушілердің жетістіктеріне тәнті боласыз. Солардың бірі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, химия саласынан PhD Мөлдір Әбдірайымова.