Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
125 материал табылды

Көрме • 30 Қазан, 2025

Франкфурттағы халықаралық кітап көрмесі

Шыны керек, адамзаттың осы күнгі жетіс­тіктері кітаппен тікелей байланыс­ты. Керек десеңіз, кейбір кітап әлемді өзгертуге тікелей себепкер болған. Мысалы, Гутенберг 1455 жылы басып шығарған алғашқы Библия адамзат тарихындағы баспа дәуірінің бас­тауына айналды. Ол кітап басу ісінде төңкеріс жасап, білім мен мәдениеттің таралуын жылдамдатты. Содан бері адам баласы тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірінде кітаптан құндылық тапты, үйренді, табысқа жетті. Бір сөзбен айтқанда, кітап өмірдің бір бөлшегіне айналды.

Әдебиет • 22 Қазан, 2025

«Ібіліс биі»: үміт пен адам тағыры

Жақында ғана Нобель сыйлығын қанжығалаған мажарстандық жазушы Ласло Краснахоркайдың әлемге танымал романы «Ібіліс биі» – әдебиет пен философияның үйлесімінен туған ерекше туынды. Автор бұл шығармасында белгілі бір би ырғағын еске түсіреді. Осы бір тұйық әрі беймә­лім құрылым романның ішкі әлемін, ондағы кейіпкерлер тағды­ры­ның мәнін айқындайды. Кейіпкерлер үміт қуған сайын күйзе­ліске көбірек түседі, қашқан сайын сол баяғы басталған жеріне қайта оралады. Қазақтың «дүние – дөңгелек» деген бір ауыз сөзінің қандай ғаламдық философияға айналғанын еске түсіріңіз.

Архив • 09 Қазан, 2025

Мұстафа Шоқайдың АҚШ-тағы кітапқа енген суреті

Америкада білім алып жүргенде жинаған ұлтымыз туралы деректер қоржынын ақтарып, оқырманға ұсынудан жалық­паймыз. Мақсат – қилы кезең­де тарыдай шашылған қазақ­тың алыстағы дерек­терін елге жеткізу. Бірде Вашиң­тон қаласындағы ескі кітаптар дүкеніне бас сұқтым. Екі қабат­тан тұратын дүкен бүкіл әлем­нің рухани байлығын бойына жинап алғандай. Сөрелерде әр елдің та­ри­хы мен тағдырынан сыр шер­те­тін кітаптар дестеленіп тұр.

Әдебиет • 08 Қазан, 2025

Биылғы Нобель әдебиет сыйлығын кім алады

9 қазан күні әлем жұртшылығы әдебиет саласындағы ең беделді марапат Нобель сыйлығының иегерінің есімін білмек. Бұл күнді жыл сайын әдебиетсүйер қауым асыға күтеді. Жеңімпаз 11 миллион швед кронын (шамамен 1,2 миллион АҚШ доллары) қалтасына салады, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 08 Қазан, 2025

Ғарыштық диалогтің жаңа алаңы

Біздің ғасыр ғылым мен техно­логияның қарқынды дамыған дәуірі ретінде есте қалары сөзсіз. Әсіресе ғарыш саласы бүгінде мемлекеттердің даму деңгейін көрсететін стратегиялық бағыт­тардың біріне айналды. Ғарышты игеру тек қана жаңа ғылыми жаңалықтарды ашу емес, сонымен қатар елдің экономикалық, қорғаныстық және технологиялық әлеуетін арт­тыратын маңызды қадам.

Егемен Қазақстан • 01 Қазан, 2025

Болашақ журналистер – бас басылымда

Шыны керек, былайғы жұрт «төртінші би­лік» атаған журна­лис­тиканың рөлі қандай деген сауал алдымыз­дан жиі шығады. Цифр­ландыру, әлемдік ауқым, жеделдік, аудито­рия­мен байланыс сияқты құ­рылымдар да жаңарып барады. Ендігі жерде жур­налистер тек контент жасаушы ғана емес, медиаменеджер, ана­литик, фактчекер ре­тінде де өз міндетін ат­қаруы қажет екені күн тәртібіне еніп барады.

Әдебиет • 30 Тамыз, 2025

Орталық Азия әлем әдебиеті арасында диалог болса

XXI ғасыр – диалог пен өзара ықпалдастықтың ғасыры. Жаһандану үдерістері күшейіп, мәдени шекаралар жойылып жатқан қазіргі заманда әдебиет те бұл үдерістен тыс қалмады. Әлем әдебиеті – бұл тек Батыстың әдеби канондары емес, бұл адамзат рухының санқырлы көріністері, ал Орталық Азия әдебиеті – сол көріністердің ажырамас бөлігі. Осы мақалада біз Орталық Азия әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы өзара байланыс, ықпал және болашағы туралы сөз қозғаймыз.

Абай • 09 Тамыз, 2025

Қазақ данасы және әлем оқырманы

Абайдың шығармалары – ұлттық шең­бер­ден асып, жаһандық деңгейге көтерілген рухани мұралар. Оның еңбектерін осындай биік белеске көтеріп тұрған, әрине, терең ой мен шынайылық. Кейінгі жылдары хакім еңбектері көптеген шет тіліне аударылып, шетел оқырмандарының да қызығушылығын оятты. «Goodreads», «Amazon», «LibraryThing» сияқты әлемдік ірі сайттарда ақын шығармалары туралы жылы пікірлер жазылғанын көзіміз шалды.

Абай • 08 Тамыз, 2025

Абай арқылы адамзатты танимыз

Алдымен қазақ қоғамына, сосын адамзатқа асыл ой айтып, ар мен ұят, ақыл мен жүректің тазалығын сақтауға үн қатқан Абай Құнанбайұлының есімі жер жүзін шарлап кетті. Абайды біз ғана емес, әлем оқырманы мен жұртшылығы білуі керек. Осы орайда туысқан халық өкілдерінен хакім туралы сұраған едік.

Абай • 05 Тамыз, 2025

«Абай жолын» оқығанда...

Өткенде жазушы Мұхтар Мағауиннің «Абайдың суреті» атты көлемді эссесін оқып отырып, «Абайды алғаш оқығанда адам қандай күй кешеді?» деген сауалдың төңірегінде ойландым. Айтпақшы, Мұхтар Мағауин «Абай жолы» романының екі томын небәрі 8 жасында оқып тауысқанын жазады. Ал өзге қаламгерлер Абайды алғаш оқығанда, қандай әсерде болды екен – сөйлетіп көрелік. Алғашқы қонағымыз – жазушы Ділдәр Мамырбаева.

Яндекс.Метрика