Сұңғат ӘЛІПБАЙ
Сұңғат ӘЛІПБАЙ«Egemen Qazaqstan»
841 материал табылды

Қоғам • 05 Маусым, 2020

Министр Ұлттық парктерді дамыту жөнінде қоғамдық кеңес құруды ұсынды

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздегі ұлттық парктерді дамыту жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қоғам • 05 Маусым, 2020

Елордада әскери қызметшілер дезинфекциялау жұмыстарын қайта бастады

Қарулы Күштердің биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметшілері Нұр-Сұлтандағы дезинфекциялық жұмыстардың екінші кезеңін бастады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 04 Маусым, 2020

Қазақстанда былтыр 381 комбайн және 895 трактор шығарылды

Машина жасау - отандық өнеркәсіптің серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Елімізде өткен жылы машина жасау өндірісінің көлемі 1370 млрд теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 20,9% артты, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Үкімет • 04 Маусым, 2020

Үкімет экономиканы жандандыру жұмыстарын бастады - Асқар Мамин

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады

Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Әлем • 04 Маусым, 2020

Трамп бункерге түсу себебін түсіндірді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің жаппай наразылық кезінде демонстранттардан қорқып Ақ үй астындағы бункерге тығылғандығы туралы тарап кеткен хабардың жалғандығынайтты. Бұл жайында Трамп Fox News радиостанциясында мәлімдеді. «Мен онда күндіз, бункерді тексеру үшін түстім. Ал ол кезде жағдай тыныш болатын. Төменде бөгелгемін де жоқ. ол өте-өте қысқа уақытты қамтыды», - деп мәлімдеді Трамп.

04 Маусым, 2020

«Скутер» республикалық акциясы басталды

Елімізде тіркеуге жатпайтын катамарандарды, ескекті және үрмелі қайықтарды есептемегенде Қазақстанда 18 мыңнан астам шағын көлемді кемелер бар. Суға шомылу маусымы ашылған соң жасанды және табиғи су айдындарында адамдар мен кемелер көптеп жиналады. Тиісінше, адамдардың өміріне қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізетін кемелерде көлік оқиғаларының туындау тәуекелі артады.

Экономика • 04 Маусым, 2020

«ҚазМұнайГаз» қаржылық нәтижелерІн жариялады

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») тәуелсіз аудитордың аралық қаржы ақпаратын ауқымды тексерудің қорытындысы туралы есеппен бірге «Аралық қаржы есептілігі» 34-ші халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылғы бірінші тоқсанның қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады, деп хабарлады қоғамның баспасөз қызметі.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Covid-19: Қызылорда облысында 17 жаңа дерек тіркелді

Қызылорда облысында сovid-19 вирусын жұқтырғандар қатары 465-ке жетті. Жаңа дерек облыстық денсаулық сақтау басқармасынан алынған.

Әлем • 04 Маусым, 2020

Қытайға түйенің құрғақ сүтін жөнелтті

Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып табылады, өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және ауқымды болып саналады.