• 28 Шілде, 2017
Күн үш тәуліктің ішінде Жер бетіне оның бойындағы барлық барланған отын қорларының қуатына тең қуат жөнелтеді екен. Алайда, соған қарамастан оның сәулесін тұрмыс пен экономикаға қажетті қуат көзі ретінде игеру мәселесі адамзат қоғамында енді ғана бастау алып отыр деуге болады. Қазіргі уақытта күн сәулесінен алынатын қуаттың әлемдік энергетикалық өндірістегі үлесі 1 пайызға да толмайды. Бірақ бұл – әлі бастамасы ғана. Кейбір сарапшылардың болжамы бойынша, енді бір 35 жылдан кейін күн сәулесі Жердегі адамзат өндіретін қуаттың ең басты көзіне айналатын болады. Бұл болжамды Халықаралық энергетикалық агенттіктің мамандары да растап отыр. Олардың пікірі бойынша да 2050 жылға таман күн энергетикасының үлесі отынның басқа түрлерінің бәрінен басып озуы тиіс. Яғни, күн сәулесінің қуаты қазіргі мұнайды алмастыратын болады.
• 06 Шілде, 2017
Астана: сұлулықпен үндескен жылулық
Астанаға газ жеткізу мәселесі көптен бері қозғалып келеді. Еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осыдан біраз бұрынғы бір шарада «Үкімет Астанаға көгілдір отын жеткізу жөнінде көп жылдан бері уәде беріп келеді, сол уәдесін қашан орындайды?» деген сауалға «Астанаға газдың қашан жеткізілетіндігін бір Құдай ғана білер» деп жауап беріп, үмітті көңілдердің әптігін басып тастаған еді.
• 30 Маусым, 2017
Тақтатастан мұнай өндіру табыс көзіне айнала ма?
Осыдан біраз бұрын әріптесіміз Жылқыбай Жағыпарұлы «Тақтатас төңкерісіне тәуелділік» атты мақала жазып, АҚШ-та осы үдерістің шарықтау шыңына шыққандығын, сөйтіп енді әлемде тақтатас төңкерісінің басталуы әбден мүмкін екендігін жеріне жеткізе жазған-ды.
• 02 Маусым, 2017
Арқаның жері де құт, желі де құт
Қазақстанның Сарыарқадай сайын даласының асты-үсті қазынаға толы екендігі талай дәлелденген. Соның арқасында біз қазір әлемде өте сирек кездесетін осмий-187 элементінен бастап, мыс пен болат, алюминийге дейінгі аралықта металдардың сан түрін және Қазақстан бренді болып отырған сапалы астық өндіреміз. Қазақстан алтынының ең көп мөлшері де осы Арқа төсінен табылып отыр.
• 05 Мамыр, 2017
Жемқорлықпен күрес адалдықты дәріптеуден басталады
Физика мен астрономия ғылымдарында «қара құрдым» деген түсінік бар. Жерден пәленбай миллион жарық жылындай қашықтықта орналасқан, көптеген алып планеталар еркін сыйып кете алатындай кеңістікті қамтитын, айналасындағылардың бәрін жалмап жұтып алатын бір ғажап дүние. Оның маңайына жақындағанда, жарық жылдамдығының өзі баяулап, уақыт тоқтап қалады деседі. Осы «қара құрдымның» бар екендігіне немесе жоқ екендігіне әлі күнге дейін ғалымдар талас қылып жатады.
• 24 Ақпан, 2017
• 17 Ақпан, 2017
• 03 Ақпан, 2017
• 24 Қаңтар, 2017
• 17 Қаңтар, 2017