• 05 Қыркүйек, 2018
Adamǵa qashan bilim artyqshylyq etip edi?! Mundaı jaǵdaı tarıhta bolmaǵan sekildi. Biraq tarıhta, sonyń ishinde bizdiń qazaq tarıhynda mundaı jaǵdaı qubylys retinde buryn boı kórsetpegenimen, endi bolady dep oılaımyz.
• 03 Қыркүйек, 2018
«Қияли» деген сөз бар. Мақтауға қарағанда даттау, көп жағдайда келемеждеу жағы басым түсіп жататын сөз. «Қияли» сөзі жас балаға қатысты айтылса, бұл сөзде үміт күттірерлік қасиет байқалады. Ал өмірдің белестерінен әбден өткен, шау тартқан адамға қатысты қолданылса, онда расында да бұл босқа өткен өмірді білдіретіндей. Өйткені «қиял», «қиялдау» дегеніміз әлі ашылмаған ресурс қой. Жасы келген кезінде өз бойындағы осы ресурсты ашып, оның қасиетін пайдалана алмаса, расында да әрбір адам баласы келемеждеуге лайық секілді.
• 27 Тамыз, 2018
«Ақылды қоғам» құрылар ма екен?
Бұрын «ақылды» деген сөз адамға ғана қатысты айтылушы еді. Сонан кейін кейбір жағдайларда адамның серігі саналатын жылқы мен итке қатысты «ақылды жануар», «есті хайуан» түрінде аздап қолданылып қалатын. Ал енді қазір қарасаңыз, жылдан-жылға қарқын ала түскен жаңа технологиялардың дүмпуі нәтижесінде «ақылдылар» қатары көбейіп келе жатқандай. Мәселен, әлемде «ақылды фермалар» пайда бола бастады. Бұл үдерістің соңы «ақылды ауыл шаруашылығын» құруға алып келмек. Сарапшылардың пікірінше, «ақылды фермалар» құрамына кіретін жан-жануарлар да болашақты ақылды бола түсуге тиіс. Өйткені тірі жануарлар құлағына орнатылатын чип арқылы басқарылып, бірте-бірте технологиялық жүйе ішінде тіршілік ету тәртібін қабылдайтын болады.
• 21 Тамыз, 2018
Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қарама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.
• 13 Тамыз, 2018
Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар
Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өзгерістер жүзеге асырылады. Жаңа технологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл шаруашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.
• 18 Шілде, 2018
Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы
Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске енгізілуде. Мәселен, Еуропадағы компаниялар енді егістік жағдайын зерттеумен айналысатын дрондарды да шығара бастады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шығымдылығын алдын ала болжап білулеріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс кеңінен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді.
• 20 Маусым, 2018
Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бастағаны белгілі.
• 05 Мамыр, 2018
Қазақстан экспортының жаңа деңгейі
Қазақстанның мұнай мен металл, уран, астық өнімдерін экспорттаушы ел екендігі белгілі. Тіпті бұл өнімдердің экспорты жөнінен Қазақстанды әлемге танымал деп айтуға болады. Мәселен, астық экспорттау жөнінен алдыңғы он елдің қатарына қосылсақ, уран экспорты жөнінен Канадамен бірге көштің ең алдыңғы легінде келеміз.
• 25 Сәуір, 2018
Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашықтықтан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.
• 17 Сәуір, 2018
Интеллектуалды меншіктің маңызы
Әнші, өнер қайраткері Мейрамбек Беспаевтың авторлық идеясы бойынша «Хабар» телеарнасынан «Жұлдызды жекпе-жек» мега шоуының көрсетіле бастағандығына біраз уақыт болды. Онда елімізге танымал жас әншілер екеуара жарысқа түсіп, жанды дауыспен ән айтады. Жеңімпазды Мейрамбектің өз жетекшілік ететін білікті төрешілер алқасы айқындайды.