Кез келген мемлекет үшін салық саясатының маңызы зор. Өйткені, осы арқылы мемлекет өз қызметін жүзеге асырады. Халыққа қажетті мәселелерді шешіп, тұрмыс-тіршіліктің дамуына ықпал етеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайды ретке келтіріп, қоғамдық тәртіп пен қатынасты қамтамасыз етеді. Қоғамның әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмек көрсетеді. Салық жеңілдіктерін ұсыну – кәсіпкерлікті ынталандырудың, оны белгілі бір мақсатқа жұмылдырудың тиімді құралдарының бірі. Сондықтан, кез келген мемлекет уақыт қоятын талаптарға сәйкес өзінің салық саясатына тиісті өзгерістер жасайды. Дәл қазіргі уақыттары біздің еліміз үшін де жаңа салық саясатын белгілеудің мерзімі пісіп-жетілген секілді. Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл мәселе жөнінде де едәуір сөз болды. Үкіметтің жүргізіп келе жатқан салық саясатындағы кемшіліктерді Елбасының өзі ашып көрсетті. Президент кәсіпкерлікті дамытудың жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне қазіргі қолданыстағы Салық кодексінің кедергі жасап отырғандығын айтты. Мысалы, қосымша құн салығы бойынша салық төлеуші аталмыш кодекстің 82 бабын білуі керек екен. Өз кезегінде бұл баптардың 268 сілтемесі бар. Ал олардың 206-сының басқа заңдарға сілтемесі және бар. Осыған орай Елбасы Үкіметке Салық кодексін қайта қарап шығуды тапсырды. Басты талап – оның барынша түсінікті болуы. Сондықтан Салық кодексін оңтайлы етіп қайта жасап шығу керек. Расында да, қазіргі қолданыстағы Салық кодексінің күрделілігі ең алдымен біздің кәсіпкерлік ортамызда сөз болып келе жатқан мәселелердің бірі. Осыған орай «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл жөнінде арнайы басқосу өткізіп, жаңа салық кодексін әзірлеу жөнінде бастама көтерген болатын. Сөйтіп, жаңа салық кодексіне қажетті ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы сарапшылар тобы белгіленді. Осындай жиындағы сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов Үкіметтің қолдауымен, кәсіпкерлердің қатысуымен еліміздің жаңа салық саясатын белгілеу ісіне үлес қосудың мұндай мүмкіндігі өздеріне бірінші рет беріліп отырғандығын атап көрсетті. Біздегі қазіргі қолданыстағы Салық кодексі несімен күрделі? Сарапшылардың айтуынша, қазіргі күні Қазақстанда салықтың 13 түрі бар. Бұған 16 түрлі төлемді қосыңыз. Мұның сыртында бюджеттен тыс тағы да 7 төлем түрі бар. Бәрін қосқанда 36 түрлі салықтар мен міндетті төлемдер пайда болады. «Бұдан біз салық заңдылықтарының шектен тыс күрделене түскендігін көріп отырмыз. Тіпті 2001 жылы әзірленген Салық кодексінің көлемі осындай күрделендіру салдарынан үш есе ұлғая түскен», деп мәлімдеді «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы қамқоршылық кеңесінің басшысы Рақым Ошақбаев журналистер үшін өткізілген баспасөз мәслихатында. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен сарапшы экономистердің бұл бастамасы қоғамнан қолдау тауып отыр деуге болады. Мәселен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінде бухгалтер қызметін атқаратын Бақтина Бисекеева «Мен бұл бастаманы барынша қолдаймын. Бұл біз үшін қазір өткір мәселеге айналып отыр. Бір салықтың есебін табу үшін бүкіл Салық кодексін ақтарып шығуға тура келеді. Оны ақтарып отырғанда, тіпті өзіңнің іздеген дүниеңнен де жаңылып қаласың. Әрбір салықты ешқандай қосымша түсіндірмейсіз, қайдағы бір сілтемелерсіз заңда нақты жазу керек, оның есептеу тәсілін және кімнің төлейтіндігін, қандай декларацияны толтыру керектігін және оны жөнелту уақытын нақты көрсету керек», дейді. Біз жоғарыда мемлекет пен қоғам үшін салықтың қаншалықты маңызды рөлге ие екендігін баяндадық. Олай болса, сол салықты кәсіпкерлер және жеке тұлғалар үшін түсінікті етіп дұрыс белгілеу – мемлекеттік органдардың маңызды міндеті. Елдің салық төлеу жүйесі мейлінше оңтайлы болса, бұл кәсіпкерлік қозғалыстың дамуына үлкен үлес қосып қана қоймай, олардың өздеріне тиесілі салықтар мен төлемдерді уақытымен төлеуіне қызмет етеді. Сондай-ақ, көлеңкелі бизнес пен жемқорлықтың алдын алуға жәрдемдеседі. Мәселен, посткеңестік елдер ішінде жемқорлықтың жолы кесілді деп есептелінетін Грузияда барлығы 7 түрлі салық қана бар екен. Осы жағдайдың өзі көпшілікке, әсіресе, еліміздің салық жинау ісімен айналысатын басты органы – Қаржы министрлігіндегілерге ой салуы тиіс.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар