Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Ұлттық парктер – Қазақстандағы экотуризмді дамытудың негізі
Республикалық ұлттық табиғи парктерде экологиялық туризмді дамыту туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, деп хабарлады Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2020
Ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға шектеулер алынып тасталды
Осы жылдың 1 маусымынан бастап ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға барлық шектеулер алынып тасталады. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осы жөніндегі бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 29 Мамыр, 2020
Өткен жылы жер қойнауын пайдаланушылар 144 мың маманды оқытты
Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуі барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 28 Мамыр, 2020
Биыл ауыл тұрғындарының 87%-дан астамы ауыз сумен қамтылады
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 28 Мамыр, 2020
Hyundai компаниясы Сovid-19 жұқтырған науқастар үшін арнайы жабдық сатып алды
Hyundai компаниясы бүкіл әлем бойынша коронавируспен күресуде көмек көрсетуде. Ғаламдық бастаманы қолдай отырып, «Астана Моторс» құрамына кіретін Hyundai Auto Kazakhstan» multi Filtrate жедел диализ жүйесін (Германия) сатып алуға 51 млн теңге бөлді және оны Нұр-сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығына тапсырды, деп хабарлады «Астана Моторс» баспасөз қызметі.
Экономика • 28 Мамыр, 2020
«ҚазМұнайГаз» акционерлерге 81,7 млрд теңге дивиденд төлейді
2020 жылғы 22 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі 2019 жылдың қорытындысы бойынша 81,7 млрд теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді ұйғарды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда шамамен екі есе көп, деп хабарлады акционерлік қоғамның жұртшылықпен байланыс департаменті.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
«Нұрлы жер» арқылы Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады
Қызылорда облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 784 мың шаршы метр немесе 6400 тұрғын үй салу міндеті тұр деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің ауылдарында 1 миллион 700 мыңдай жеке қосалқы шаруашылық барын, бірақ олардың өнімі сауда орындары арқылы ресми түрде сатылмайтынын және өңдеу кәсіпорындарына жеткізілмейтінін, онда жұмыс істейтіндердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағанын айта келе ендігі кезекте мемлекет қолдауы үй қасындағы осындай шаруашылықтарға көрсетілетіндігін мәлімдеген болатын. Сонымен қатар Президент «Үкіметке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамыту үшін «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде «КазАгро» арқылы жылдық мөлшерлемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген шағын несие берілетіндігін де айтты. Осы жағдай қолдаудан құралақан қалып келе жатқан жеке қосалқы шаруашылық иелерімен қатар аталған проблеманы бұрыннан көтеріп жүрген сала мамандары мен ауыл жанашырларына тың жігер берді. Президент сөзінен қанаттанған олар қазірдің өзінде іске кірісіп, осы бір күрделі істің шешімін табуына еліміздің патриоттары ретінде кірісуде. «Кооператив құру арқылы ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеру» жобасының жетекшісі Анас Баққожаевтың мәселенің мәнісін зерттей жазған төмендегі мақаласы соның бір дәлелі болуға лайық.
Қазақстан • 24 Мамыр, 2020
Қазақстан мен Қырғызстан су бөлу мәселелерін талқылады
Бейнеконференция байланысы режимінде Шу және Талас өзендерінде мемлекетаралық қолданыстағы су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы комиссиясының кезекті 27-ші отырысы өтті. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Мамыр, 2020
Елорда: Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары маусым айында басталады
Есіл өзені көпірінен «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына» дейінгі аралықтағы Қабанбай батыр даңғылын жаңарту жұмыстары 1 маусымда басталады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.