Аймақтар • 30 Қазан, 2021
Жетісу жұрты биыл Жолбарыс би Жылқайдарұлының 350 жылдығын атап өтіп жатыр. ХVIII ғасырдың басындағы аумалы-төкпелі кезеңде өмір сүрген Жолбарыс би туралы тарихи деректер оны Тәуке хан заманындағы ел есінде қалған ерекше тұлғалардың қатарына қосады.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2021
Ризамыз саған, Рухия! Жас әншіге жерлестері көлік мінгізді
Халықаралық ХХХ «Славян базары» көркемөнерпаздар фестивалінің жеңімпазы Рухия Байдүкенова туған жеріне тағзым ете келді. Талдықорған қаласына табан тіреген ән өнерінің жаңа жұлдызын облыс әкімі Амандық Баталов қабылдап, жас әнші мен оның ұстаздарына сый-құрмет көрсетті.
Коронавирус • 10 Тамыз, 2021
Жарты миллион жетісулық екпе алды
Пандемия басталғалы бері Алматы облысында коронавирустың зертханалық тексеру арқылы расталған 33 959 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәуліктерде 300 адамның індет жұқтырғаны анықталып отыр.
Коронавирус • 04 Тамыз, 2021
Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус індетінің таралуы күн сайын өсіп келеді. Облыс қазір «қызыл аймақ» санатына кірген. Алайда шектеу шараларының күшеюі мен алдын алу жұмысына қарамастан ауырып, емханаға түсіп жатқан адам саны азаймай отыр. Мәселен, өткен тәулікте 311 науқастан вирустың оң белгісі анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған екен.
Қазақстан • 16 Маусым, 2021
Биыл еліміздегі 836 ауылдың әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланбақ. Осылайша, ауыл басшысын әр тұрғынның өз таңдау құқығын пайдалана отырып, сайлауы алғаш рет жүзеге асырылады.
Аймақтар • 07 Маусым, 2021
Жетісу жәдігерлері. Петроглифтерді сақтау парыз
Бағзы дәуірдің сырын бүккен балбал тастардың бір шоғырын Жетісу өлкесінен де көптеп кездестіруге болады. Тасқа бәдізделген түрлі сурет пен таңба ежелгі заманда осы аймақта өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігінен хабар беріп тұрғандай.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2021
Жетісуда жер дауы неге жиіледі?
Еліміздегі жер мәселесіне жүрдім-бардым қарауға болмайтынына тұрғындардың да, атқарушы биліктің де көзі анық жетті деп ойлаймыз. Өйткені қазір орталық қалалардың маңында ғана емес, шалғай ауылдарда да жерге қатысты тақырып ең өткір мәселеге айналып отыр.
Руханият • 11 Наурыз, 2021
Жыр Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтің әдеби музейі биыл 37 көктемін қарсы алып отыр. Жетісудың кіндік қаласы – Талдықорғандағы мұражай 1984 жылы ашылған болатын. Ғибратқа толы ғимарат осы мерзім аралығында қаламгер шығармашылығының шырақшысына айналып қана қоймай, өңірдегі руханияттың да қара шаңырағына айналды.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр...
«Егеменнің» Алматы облысындағы тілшілер қосынына Іле ауданына қарасты Қоянқұс ауылының тұрғындары хабарласып, өздері тұратын елді мекендегі бірқатар мәселе туралы айтқан еді. Ағайындарды он жыл бойына жөндеу көрмеген ауыл ішіндегі жолдың жайы алаңдатады.
Қазақстан • 16 Ақпан, 2021
Қазақстанда тұщы су тапшылығы болуы мүмкін бе?
Әлқисса, түбі адамзат баласы таза су тапшылығымен бетбе-бет келуі мүмкін екен. Яғни, ғаламшар тұрғындарының тіршілік нәріне деген сұранысы уақыт өткен сайын еселеніп отыр. Есесіне ауыз су қоры азайып бара жатқанға ұқсайды. Демек, күндердің күнінде таңдайымыз кеберсіп, бір жұтым суға зар болып қалуымыз кәдік...