Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Сұхбат • 04 Тамыз, 2020

«Қатарыңның алды бол!»

Сәтімен жүзеге асқан «100 жаңа есім» жобасы жастар арасындағы ғана емес, жалпақ елге танымал шараға айналғаны анық. Әуелгіде Тәуелсіздік жылдарында қанат қаққан талантты жастарды таныту мақсатында бастау алған жоба қазір жалпыхалықтық идеяға ұласып, қазіргі заманның үздік көшбасшыларын анықтауға қызмет ете бастады.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары Амандық Баталовтан көмек сұрайды

"Egemen Qazaqstan" газетінің Алматы облысындағы тілшілер қосынына Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Қоянқұс ауылына қарасты «Қоянқұс» бау-бақша серіктестігі тұрғындары өтініш айтып хабарласты. Ауылдағы ағайын бірнеше жылдан бері шешуін күткен әлеуметтік мәселенің түйінін тарқатуға жергілікті атқарушы билік өкілдерінің құлықсыздығына наразылық білдіріп, басылым арқылы жоғарыға мұң-зарын жеткізгісі келеді, - деп хабарлайды egemen.kz.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Кеншілер қаласында індетпен күрес қалай жүруде?

Жұқпалы індет таралуының алдын алу мен күрес жұмысы Текелі қаласында да қарқынмен жүріп жатыр. Дерек бойынша шағын қаладағы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар саны екі жүзден асқан. Қазір сақтық шарасы күшейтіліп, науқастардың емделіп шығуы үшін барлық жағдай жасалуда, деп хабарлайды egemen.kz.

Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

5 балалы отбасына баспана сатып алып берді

"Мың алғыс" акциясына үлес қосуды парыз санаған жомарт жанды азаматтар Алматы облысының Алакөл ауданынан көптеп шығуда. Қолында барын мұқтаж отбасыларына бөлісіп, қайырым жасауға әрқашан дайын жүретін олар қазіргідей сындарлы шақта індетпен күресу үшін жұмылуда, - деп хабарлайды egemen.kz.

Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Түлектер тойға жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

Жетісуда туған ауылына қол ұшын беруге ниеттенген азаматтар саны да көбейіп келеді. Биыл мектеп бітіргендеріне 30 жыл толған бір топ түлек тойға жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарды, - деп хабарлайды egemen.kz.

Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Алакөлдік кәсіпкер ауруханаға тыныс алу аппаратын тарту етті

"Жақыныңа жанашыр бол" деген бастамаға барынша үлес қосуға бел буған жетісулықтар қайырым жасау ісін жалғастырып жатыр. Игі шараға әр аудандағы қарапайым тұрғындардан бастап, қалталы азаматтар қостап ат салысуда. Еріктілердің еңбегі арқасында жергілікті ауруханаларға қажетті құрал-жабдық сатып алу, дәрігерлер мен науқастар үшін азық-түлік пен дәрі сусын жеткізіп беру жолға қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Шілде, 2020

Талғар ауданының әкімі пневмониядан көз жұмды

Бүгін Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 26 Шілде, 2020

Атын айтпаған кәсіпкер ауруханаға 15 аппарат сыйлады

Алматы облысындағы эпидемиялогиялық ахуал қалыпқа түсіп келеді. Қазір аймақ тұрғындары арасында індет таралуы бәсеңдеген. Оны науқастардың дәргерлік көмекке жүгінуінің күрт азаюынан байқауға болады. Мысалға, соңғы екі апта көлемінде "Жедел жәрдем" шақырушылар легі 20 пайызға дейін кеміді, - деп хабарлайды egemen.kz.

Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Жұмыла күрескен жұқпалы індетті жеңеді

Жұқпалы індетпен күреске жаппай жұмылған Жетісу жұрты игі бастамаға атсалудан алда келеді. Бүгінге дейін демеушілердің қаржысына 1 жарым мың қорап дәрі-дәрмек, 84 ауа концентраты, 118 дана ден қызуын өлшегіш және басқа да медициналық құрал-жабдық сатып алынып, облыс ауруханаларына табыс етілді, -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Аурухананы күн сайын 40 литр қымызбен қамтып отыр

Денсаулық күзетіндегі дәрігерлерге демеу көрсету ісі жалғасып жатыр. Игі шара Алматы облысының барлық ауданында өтуде. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданындағы 25 ауылдық округтің тұрғындары бірлесіп, медицна қызметкерлері мен ауруханада ем алып жатқан науқастарға қымыз жеткізді, -  деп хабарлайды Egemen.kz.