Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Індет жұқтырғандар саны тағы сегіз адамға көбейді

Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны күрт көбейді. Осы сәтке дейін тағы 8 тұрғын ауырып, індет жұқтырғандардың жалпы саны отыз жеті адамға жетті.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Қой қоздап, қорада шу...

Жетісу даласы төрт түлік мал басына толы. Ірі қара саны 1 млн бастан асыпты. Қой мен ешкінің саны да едәуір. Ауылдағы ағайынның негізі күнкөрісі мен табысы да осы уақ жандықтың арқасында болып тұр. Қазір облыста 4 миллионнан астам қой бар екен.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Danone зауыты дамылсыз жұмыс істеп тұр

Әлемнің аққа құмар тұтынушыларын айран-сүтпен қамтып отырған Францияның Danone компаниясының қазақ топырағына аяқ басқанына он жылдың жүзі болыпты. Осы мерзім ішінде біріккен кәсіпорын Қазақстандағы сүт өнімі бизнесінде көш бастап, Орта Азия нарығын толықтай игерді деуге толық негіз бар.

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алакөл ауданының шаруалары да көктемгі егістің қамына кірісті

Төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүрген ауыл адамдарының ерлікке бергісіз еңбегін де ескеруіміз керек. Әсіресе, аймақтағы диқан мен малшының күн райына қарамай атқарып жүрген ісі қандай мақтауға болсын лайық. Өйткені, көктемгі егістің қамы мен төл алу науқаны кезек күтіп тұрмайды.

Медицина • 17 Сәуір, 2020

Алматы маңы: медициналық көмек қалай көрсетілуде?

Алматы қаласының толықтай карантинге жабылуы мегаполиспен шектесетін облыс аудандарының тұрғындарына біршама әбігер әкелгені рас. Әсіресе қаладағы емханаларда тіркеуде тұратындар мен ауруханаларда ем қабылдап жүрген науқастар үшін қиындық туа бастаған еді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Жаркенттік диқандар жүгеріні жаңа технологиямен өсіреді

Жері шұрайлы Жетісуда өсетін төл дақылдың бірі – жүгері. Аймақта жүгері шаруашылығының жұмысы жанданған. Алқап көлемі артып келеді. Биыл облыс бойынша 85 мың гектарға жуық алқапқа дән себілмек.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

«Универсал» зауытындағы жұмыс ырғағы үзілген жоқ

Алматы облысында ірі кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған жоқ. Сәйкесінше жұмысшы санын қысқарту мен ақысыз демалысқа жіберу жағдайы да тіркелмеді. Өндіріс орындарындағы еңбек реті төтенше жағдай ережесі мен карантин тәртібіне сай жүріп жатыр.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Ақсулық шаруалар егінжайдағы жұмысты ақсатпайды

Алматы облысындағы төрт түлік мал өргізіп, танапта егін өсіріп отырған ауданның бір – Ақсу. Яғни, өңір экономикасының табысты болуына агроөнеркәсіп  кешені молынан үлес қосып отыр.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Коронавирус жұқтырған тағы 4 адам тіркелді

Алматы облысында коронавирус диагнозымен тағы 4 адам тіркелді. Ал бүгінгі жағдай бойынша аймақта індетпен ауырғандар саны 29 адамға жетті. Оның ішінде 7 науқас емделіп, ауруханадан шықты.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Жетісуда 7 адам жұқпалы індетті жеңді

Алматы облысында індеттен жазылғандар саны 7-ге жетті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.