
Ән • 11 Сәуір, 2025
Мезгіл әуені. Сартап дала сары жапырақ жамылып, айнала алтын түспен көмкерілгенде, кісі көңілін әлдебір сағыныш сазы тербей жөнелетіні бар. Күзгі пейзаж жүрекке ұмытылмас күндердегі есті естеліктердің шоғын үрлейтіндей. Әйтеуір өткен шаққа деген іңкәрлік жаныңды жылыта түседі. Онға бөлінген ойыңды, мұңтұнба қарашықтағы мұңыңды әдемі әуен әлдилей жөнеледі.
Талбесік • 11 Сәуір, 2025
Қойнауы қазынаға толы Берікқара
Қойнауы сырға толы киелі жерлер Жамбыл өңірінде аз емес. Олардың санатында республикалық маңызы бар табиғи кешенге айналғандары да жеткілікті. Күнделікті күйкі тірліктен жабыққан жұрт Шақпақтың салқын самалына кекілін таратқысы келген кезде Берікқара қорығына ат басын бұрып жатады. Мұндағы табиғат тамашасы адам жанын жадыратады. Төңіректегі тұнған сұлулықты көргенде көз тойып, көңіл тояттайды.
Тағзым • 05 Сәуір, 2025
Қазақ өнерінің қайталанбас құбылысы, ән мен күйдің айбозына айналған әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйытқы болуымен «Ән мен күйдің әсемқоңыры – Нұрғиса» атты концерт ұйымдастырылды.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2025
2003 жылғы зілзала құландықтардың жадынан өшпесе керек. 28 наурыз күні түн жарымында болған жер сілкінісі Меркі, Тұрар Рысқұлов, Қордай, Мойынқұм аудандары мен Тараз, Шу қаласы аумағына дейін жетсе де, меркіліктер мен құландықтар кәдімгідей даурығып кетті. Себебі жер дүмпуінің жоғары қарқыны аталған екі ауданда тіркеліп, халықты қатты әбігерге түсірді.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2025
28 наурыздың түнінде Меркі ауданы мен Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары жер дүмпуінен шошып оянды. Жер сілкінісі Құлан мен Меркіден бөлек Тараз, Шу қалалары мен Мойынқұм ауданына дейін жетті.
Өндіріс • 27 Наурыз, 2025
300 тоннаға дейін арматура шығарады
90 жылға жуық уақыт бұрын ашылған «Запчасть» АҚ-ның өніміне деген сұраныс әлі күнге дейін толастаған емес. Бастапқыда ауыл шаруашылығы машиналары, трактор, халық тұтынатын тауарлар мен әскери техникаға арналған қосалқы бөлшектер шығаруға дағдыланған кәсіпорынның міндеті уақыт талабына сай біршама дамыған. Қазір арматура шығару жұмысы жолға қойыла бастады.
«Таза Қазақстан» • 27 Наурыз, 2025
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы сәтімен жалғасып жатыр. Айналаны жасыл желекпен көмкеру мақсатында «TazaLike» акциясы ұйымдастырылды. Оған өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бастап, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, барша азаматтар атсалысты.
Мереке • 27 Наурыз, 2025
Амал мерекесімен басталған әз-Наурыз мерекесі Тараз қаласындағы орталық алаңда түйінделді. Жаңару мен жаңғырудың бастауы болған жыл басы «Құс қанатындағы Наурыз» атты мерекелік концертке ұласты. Көпшілік назарына ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, салт-дәстүрді дәріптейтін театрландырылған қойылым ұсынылды.
Талбесік • 21 Наурыз, 2025
Облыста «TazaLike» акциясы басталды. Айналаны жасыл желекпен көмкеру мақсатында қолға алынған акцияға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, облыс орталығы Тараз қаласында өткен іс-шараға қолдау көрсетті.
Ұлттық спорт • 21 Наурыз, 2025
Ағайындылардың әуестігі – тазы жүгірту
Ағалы-інілі Абатовтардың шойын жолда жұмыс істеп жүргеніне ширек ғасырға жуықтады. Бірі Тараз стансасында маневр диспетчері ретінде тер төгіп жүрсе, екіншісі ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосында аға вагон қараушы ретінде өз ісін жетік меңгерген. Теміржолдың тынымсыз тіршілігіне төселген Мақсат пен Бағдаттың өз хоббиі бар. Жауапкершілігі мол жұмысты еңсеріп жүрген олар әредік тазы жүгіртіп, саятшылық құруды да әдетіне айналдырыпты.