Мәселе • 25 Қыркүйек, 2023
Тозған техника қашан жаңарады?
Асыраушы салада өзекті мәселе аз емес. Биылғы құрғақшылық салдарынан өңірдің алты ауданында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Шіліңгір шілдеде ағын судан тарыққан шаруалардың мыңдаған гектар алқабы күйіп кетті. Әрине, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өңірге сапары кезінде шаруалар шығыны толық өтелетінін айтып сендірді.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2023
Тараз қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаровтың қатысуымен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 11-отырысы өтті.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Сарысу ауданына қарасты Саудакент ауылында даңқты қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдық мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтті. Іс-шара аясында қобызшылар байқауы және дара тұлғаға арналған республикалық форум ұйымдастырылды.
Өнер • 18 Қыркүйек, 2023
«Сөз аяқталған жерде музыка басталады» дегенге келіспеске кейде лажың да қалмайды. Расында, мұнда көркем әдебиеттегідей образ да жоқ, көзбен көріп, санамен сезінетін бейнелеу өнері де емес. Адам айта алмаған дүниені кейде музыка, ән жеткізіп жатады. Көңілдегіні тап басып, өзге бір әлемге жетелей жөнелетін музыка құдіреті де бөлек.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023
Киелі жерлерді күтіп ұстау – аманат
«Kieli tabigat» экологиялық акциясы Жамбыл облысында да жалғасты. Өңірдегі киелі жерлерді тазалап, қалпына келтіру, құндылықтарға құрметпен қарауды жастардың бойына сіңіру мақсатында өткізілген сенбілікті облыс әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе атқарды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2023
Асы бар, асханасы жоқ: Президент тапсырмасын жекеменшік мектеп неге орындамайды?
Ілгеріде бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту мәселесі жиі көтерілетін. Тіпті әредік ата-аналар да оқу ордаларында бұл мәселенің өткір екенін жиі айтатын. Жұртты толғандырған мәселеге осы жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нүкте қойған еді. Ал Президент тапсырмасы өңірде қалай орындалып жатыр? Зерделеп көрдік.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
Жамбылдық тауар өндірушілердің қатысуымен елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жәрмеңкеде жамбылдық шаруалар 300 тоннаға жуық өнім әкеліп, жергілікті халыққа өздері апарған барлық жылы-жұмсақты нарықтағы құнынан 10-20 пайыз төмен бағада өткерді.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2023
«Алашта Кенекеме ер жетпейді!»
Отаршыл империяға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының ескерткіші шежірелі Меркі жерінде бой көтерді. «Алашта Кенекеме ер жетпейді!» деп ақын Мағжан жырлағандай, қазақ тарихында өшпес із қалдырған тау тұлға ескерткішінің ашылу салтанатына жергілікті зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.
Отбасы • 07 Қыркүйек, 2023
Малдыбаевтар отбасының өнерде ойып алар орны бар. Әсіресе отағасы күйші-композитор Аман Малдыбаевтың «Көне Тараз» күйі музыка майталмандары тарапынан жоғары бағаланғаны белгілі. Расында да Аман Малдыбаевтың сол бір шертпе күйі тыңдарманды толғандырмай қоймайды. Күйдегі эпикалық сарынның арыны жұртты елең еткізері даусыз.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2023
Таразда дәстүрлі «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтті. Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында өткен ашылу рәсімінде байқауға қатысушылар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы мен Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.