Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
2009 материал табылды

Жәдігер • 28 Мамыр, 2023

Бесағаштан табылған көне қазан

Тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін Әулиеата жерінде жәдігерлер жетіп артылады. Көне тарихтың көмбесіне айналған Жамбыл облысынан үш мың жыл бұрын сақтар пайдаланған қазанның табылуы – сөзімізге дәлел. Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан жәдігерді Бесағаш ауылы маңынан Ертай есімді азамат қабір қазып жатқан кезде­ ­­­­қолға түсіріпті. Кейін көне жәдігермен мамандар танысқан.

Спорт • 26 Мамыр, 2023

Қайда бағыт алдың, Жамбыл спорты?

Жамбылдың спорты соңғы 20 жыл бедерінде кері кетіп бара жатқандай әсер қалдырады. 2004 жылы өткен Афина Олимпиадасында боксшы Бақтияр Артаев төртжылдықтың бас­ты додасында атой салғаннан кейін өңір спортшылары кейінгі төрт Олимпиадада бар болғаны үш жүлде иеленген. Оның екеуі дзюдошы Елдос Сметовке тиесілі болса, бір медаль еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровқа бұйырған. Ал боксшыларымыз Афинадан кейін Олимпия ойындарында медаль атаулыны түсінде көрмесе, өңінде көрмеген.

Аймақтар • 24 Мамыр, 2023

Ән-жырым саған, туған ел!

Әулиеатада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ән-жырым саған, туған ел!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

Әдебиет • 23 Мамыр, 2023

«Алтайдың ар жағынан келген ару»

Әсілінде сезімсіз ақын, мелодиясыз музыка болмайды. Өйткені әдемі әуен қандай да бір оқиғаны еске түсірмей-ақ, көкейде жүрген көп түйткілдің түйінін тарқата салатын құдіретке ие. Ал ұзақ жылдар бойы санаңнан кетпейтін ән – шын өнер. Себебі ол – өшпейтін, өлмейтін шығарма. Оған ешкімнің таласы жоқ шығар.

Қоғам • 22 Мамыр, 2023

«Әулиеата жастары»: 40 отбасының баспана қуанышы

Көздерінде от ойнаған жастары мықты елдің келешегі жарқын екені рас. Бүгінде билік тарапынан жалынды жастарды қолдау мақсатында ілкімді істер қолға алынған. Ал биылғы наурыздан бастап, еліміздегі 14-35 жас аралығындағы азаматтар жас­тар санатына қосылды. Бұрын 14-29 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жататын.

Музей • 22 Мамыр, 2023

Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін

Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасының ұйытқы болуымен елімізде тұңғыш рет «Тифломузей жобасы» аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Оның аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің ортағасырлық жәдігерлерінен экспозиция жасақталды.

Спорт • 18 Мамыр, 2023

24 жыл күткен жеңіс

Жамбылдықтар бокстан Ташкент төрінде өткен әлем чемпионатын асыға күткені рас. Өңір боксшылары 24 жыл бойы жаһандық жарыстың алтын жүлдесін мойнына ілмеген. 1999 жылы Хьюстонда өткен байрақты бәсекеде Болат Жұмаділов топ жарғалы да ширек ғасырға жуықтапты.

Отбасы • 18 Мамыр, 2023

Аялы алақан мекені

Таразда халықаралық отбасы күні аясында «Отбасы – аялы алақан мекені» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Сән салтанаты жарасқан іс-шараға қазыналы қарттар мен ақ жаулықты аналардан бастап, жас отбасылар, балдырғандар белсенді түрде атсалысты.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2023

Сән апталығының салтанаты

Сән әлемінде ойып алар орны бар «Асыл дизайн» сән үйінің отыз жылдығына орай Таразда дәстүрлі «Aspara Fashion Week» апталығының он бірінші маусымы ұйымдастырылды. Халықаралық іс-шараға жоба жетекшісі Айдархан Қалиев, «Ирина Набоко» сән үйінің бас дизайнері Ирина Набоко, басқа да мәртебелі меймандар қатысты.

Мәселе • 15 Мамыр, 2023

Ауыз судың азабын тартқан

Тіршілік нәрінен тарыққан ауыл тұрғындары суға зарығып, шу шығарды. Әбілхайыр ауылы халқының сапалы ауыз суға зәру боп жүргеніне отыз жылдан асып барады. Шешілмеген ескі мәселені елдің жаңарған шенеуніктері біржақты етсе дейді ауыл халқы ашынып. Айтудан аузы талған ағайынның базынасына билік басындағылар назар аудара ма?