Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
61 материал табылды

Жұмыс • 29 Қараша, 2023

Жұмыспен қамтудың тың ізденістері

Әулиеатада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық көрсету жұмыстары жоспарға сәйкес іске асырылып жатыр. Біршама уақыт бұрын облыс орталығында 150 орындық оңалту орталығы ашылды. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бұл бағыттағы жұмыстың үздіксіз жалғасатынын айтып жүр.

Ән • 27 Қараша, 2023

Мәңгілік махаббат мелодиясы

Адам баласының ғұмыры махаббатпен мәнді екеніне күмән жоқ. Көңілдің күнделігінде қалған аяулы сәттердің әсері жылдар жылыстаса да, кісі жанын көзге көрінбейтін шуағымен шомылдырып, тіпті кейде сәулесімен жылытып тұрғандай болады. Сағымға айналған өткен шақтың сағынышқа толы болатындығы да сондықтан шығар. Қалай десек те, өткен шақ атаулының адам жүрегінде бармақтай ізі қалады. Оны ұмыту мүмкін бе екен? Кім білсін...

Аймақтар • 24 Қараша, 2023

Тараз аумағы кеңи түседі

Тарихы мыңжылдықтарға ұласқан Тараз қаласында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Болашақта көне шаһардың аумағы ұлғайып, облыс орталығына маңайдағы аудандардан бірнеше елді мекен мен саяжай қосылатыны белгілі болды. Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын жаңа бастамаларға себепші болатыны анық.

Ән • 15 Қараша, 2023

«Шынымен бұл дүние шолақ екен»

Адам жанына мейірім-шапағатын себезгілеп тұратын әдемі ән қай кезде де бойыңда ғажап бір сезімді тербеп кеткендей болады. Көңіліңді теңіздің толқынындай толқытады, шабытыңды шалқытады, сан қилы ойдың қиырына жетелей түседі. Бір анығы, сөзі мен сазы үйлескен әннен адам жаны жай табады. Өйткені сапалы музыка кісі баласына әсер етпей қоймайды.

Аймақтар • 14 Қараша, 2023

Өңір мәдениетіне тың серпін керек

Жайшылықта Тараз туралы тол­ған­ғандар Шығыстың жеті жұл­дызы тамсана жырлаған шаһар жайында аузының суы құрып әңгі­ме айтып жатады. Ол аз десеңіз, әйгілі Жамбыл атымен аталатын облыста Кененнің әндерін шыр­қамайтын қазақ кем. Талай текті тұлғаның кіндік қаны тамған өлке­нің мәдениет саласында бір жа­ғы­нан ауқымды жұмыстар атқа­рылып жатқанымен, екінші бір жа­ғы­нан қарасаң, талай өткір мәселе шешімін таппай тұрғанын аңға­расың. Қазақ хандығының қазы­ғы қағылған киелі өңірдің мәде­ниеті расымен де кері кетті ме? Кім білсін? Бір анығы, салаға қа­тыс­ты сараптау жүргізген облыс­тық мәслихаттың депутаты, тұрақ­ты ко­миссия төрағасы Фарида Жүнісова­ның облыстық мәслихат сес­сиясында жасаған баяндамасы ойландырмай қоймайды.

Қазақстан • 12 Қараша, 2023

«Aq altyn» өніміне сұраныс артты

Төрт түліктен өнім өндіру ісін қолға мықтап алған жуалылық азаматтар айрықша іскерлікпен көзге түсіп жүр. Қазіргі кезде ауданда бірнеше сүт өнімін өндіру цехы дамылсыз жұмыс істеп тұр. Олар жыл өткен сайын өнім көлемін арттыра түскен. Өйткені жуалылықтардың өніміне сұраныс арта түскен. Солардың бірі – «IT» ЖШС-ға қарасты «Aq altyn» сүт өнімдері цехы.

Әдебиет • 12 Қараша, 2023

«Жастық дәурен, жалтақтап қарайлайсың»

Мәтіні мен әуені келіскен әдемі ән адам жанының емшісіндей кө­ріне­ті­ні бар. Әсіресе лирикалық сипат­та­ғы баяу шығарма қай кезде де кісі ба­ласын бейжай қалдырмайды. Әл­де­неден жаның жабыққанда, ішкі әлеміңді алай-түлей бір арпалыс күй аласапыранға салғанда мәнді музыкадан көңіл күй ауанын басқа арнаға бұратын, жаныңды тыныштандыратын бөлек әлем іздейсің. Әйтеуір, сол арқылы тұңғиықтан шығуға талпыныс жасап бағасың. Өнердің құдіреті деген де осы шығар...

Мәселе • 10 Қараша, 2023

Асханадағы дау: Тексеру жұмыстары басталды

Мектеп асханасынан шыққан дау бітер емес. Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты білім ошақтарының бірінде оқушыларға мерзімі өтіп кеткен иогурт берілгені туралы ақпарат тараған еді. Енді, міне, Байзақ ауданындағы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназия асханасындағы тамақтан 44 оқушы, 2 ұстаз уланды деген ақпарат желдей есіп тұр.

Туризм • 09 Қараша, 2023

Балалар танымын арттырады

Жамбыл облысында туризм индустриясын дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Әсіресе жауапты басқарма қызметкерлері балаларды түрлі саяхаттарға апарып, олардың танымын арттыруға арналған жобаларды мықтап қолға алған.

Еңбек • 08 Қараша, 2023

Еңбек пен еңбекақы құқы

Шыны керек, қазір қай өңірде болсын, жалақы мәселесін алға жалаулатқан жұмысшылар еңбегіне сай еңбекақы ала алмай жүргенін алға тартып жатады. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындарда тер төккен азаматтардың жанайқайы кімді де болсын ойландырса керек.