Қоғам • 16 Қазан, 2022
Биыл қыркүйек айында Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған алапат өртті сөндіруге белсенділік танытқандар Президент атынан мемлекеттік марапаттарға лайық деп танылды. Солардың қатарында Қарулы Күштердің жауынгері, әскерге борышын өтеуге келгеніне небәрі төрт ай болған Александр Флейтлинг те бар.
Қоғам • 14 Қазан, 2022
ІІМ-нің мәліметіне қарағанда, жыл сайын алаяқтар азаматтарға 10 млрд теңге көлемінде залал келтіреді екен. Өкініштісі мұндай қылмыстардың саны күн өткен сайын өсіп келеді. Мысалы, 2018 жылы интернет алаяқтыққа қатысты 4 мың заңсыздық әшкереленсе, жыл басынан бері 15 мың қылмыс тіркелген.
Саясат • 14 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азаматтардың сәйкестігін анықтау кезінде үш үміткер саяси додадан шет қалды.
Қоғам • 13 Қазан, 2022
Еліміз бойынша пробация қызметінің есебінде 28 мыңнан астам адам бар. Оның ішінде 300-ден астамы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы баптар бойынша сотталған. Ішкі істер министрлігі олардың жүріс-тұрысын қадағалау мақсатында электронды бақылау құралдарын енгізуді мықтап қолға алды.
Саясат • 12 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясы Жұматай Әлиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттыққа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Ел қазынасын қорғаудың жаңа моделі
Парақорларды ұстайды деген құзырлы орган қызметкерлерінің өзі парамен ұсталып, кімге сенерімізді білмей қалдық. Олардың жанында ауыл мектебіндегі есепшінің жымқырған қаражаты кәмпит ұрлағанмен бірдей. Аз алды ма, қалтасына көп салды ма, бұл – мемлекеттің қаржысы. Халықтың салығы. Әр тиынның сұрауы бар.
Қазақстан • 12 Қазан, 2022
Екі қазақстандыққа Моңғолия президентінің марапаты табысталды
Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қазан, 2022
Елімізде жыл басынан бері 909 автокөлік ұрланып, оның 775-і табылған. Көлік ұрлығына кәсібиленген қылмыскерлердің жалғыз жүрмейтіні анық. ІІМ-нің дерегіне қарағанда, жыл басынан бері 19 қылмыстық топ құрықталған. Көбіне Toyota және Lexus маркалы автокөліктер ұрланады екен.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Кәсіподақ өкілдерімен кездесу: Сенім нығая түсті
«Адамдар – Өзеннің жаңа мұнайы». Жаңаөзен қаласының кәсіподақ өкілдері Ақмола облысының Зеренді демалыс аймағында дәл осы тақырыпта өткен жиында бас қосты. Келелі кездесуде мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығымен жолығып, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.
Қазақстан • 11 Қазан, 2022
Биылдан бастап Республика күні ұлттық мерекеге айналды. Күнтізбеден 25 қазан көзге оттай басылып, азаттықтың лебі ескендей сезілетін. Иә, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданып, бұл құжат ел тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды.