Саясат • 14 Қазан, 2022

Заң талабына сай келмеді

429 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азаматтардың сәйкестігін анықтау кезінде үш үміткер саяси додадан шет қалды.

Заң талабына сай келмеді

Нұрлан Әбдіровтің төраға­лығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидаттар Хайрулла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бизакованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

Хайрулла Ғабжалиловтың сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша Орталық сайлау комис­сиясының мүшесі Асылбек Сма­ғұлов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Прези­денттігіне кандидат Хайрулла Ғабжалиловқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау жіберілгенін хабарлады.

Хайрулла Мағауияұлы 1950 жылы 29 сәуірде Өзбек­стан Республикасы Қарақалпақ­станның Тахтакөпір ауданында дүниеге келген. Бас про­кура­тураның Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу комитетінің мәлі­метіне сәйкес үміткер бас бос­тан­дығынан айыру орнында отыр­маған; заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталған сотталғандығы жоқ; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған; белсенді сайлау құқығына ие. Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Х.Ғабжалилов тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды, Қазақстанда соңғы 24 жыл бойы тұрады. Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Асар» оралмандар бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар екенін растады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ. Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкілетті органдардан алын­ған мәліметтер негізінде Қазақ­стан Республикасының Прези­денттігіне кандидат Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов Қазақстан Республикасы Конс­титуциясының 41-бабының 2-тармағында, «Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарына сәйкес емес.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Талғат Ерғалиевтың сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Ерғалиевке қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ОСК уәкілетті мем­лекеттік органдарға тиісті сұрау жіберілгенін хабарлады.

Президенттікке кандидат Талғат Файзуллиұлы 1966 жылы 15 шілдеде Целиноград облы­сының Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында дүниеге кел­ген. Бас прокуратураның Құқық­тық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметіне сәйкес Т.Ерғалиев бас бостандығынан айы­ру орнында отырмаған; заң­мен белгіленген тәртіппен өтел­меген және алып тасталған сот­тал­ғандығы жоқ; сыбайлас жем­қорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған; белсенді сайлау құқығына ие.

Ішкі істер министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Талғат Ерғалиев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстанда соңғы 56 жыл бойы тұрады. Әділет министрлігі Қазақстан Респуб­ликасының Прези­денттігіне кандидатты ұсынған «Қазақстан Құрылысшылар одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі «Қазақстан Респуб­лика­сындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конс­ти­туция­лық заңының 55-бабы 1-тармағының талаптары­на сәйкес келмейтінін анықтады. Мем­лекеттік қызмет істері агент­тігі мемлекеттік қызметтегі және сай­ланбалы мемлекеттік лауа­зым­дардағы жұмыс тәжірибесі – 3 жыл 4 ай. Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкі­летті органдардан алын­ған мәлі­­меттер негізінде Қазақ­стан Рес­­пуб­ликасының Прези­дентті­гі­не кандидат Тал­ғат Файзулли­ұлы Ер­­ғалиев «Қазақстан Республи­ка­­сын­дағы сайлау туралы» Конс­ти­­ту­­циялық заңының 54-бабында бе­лгі­ленген талаптарына сәйкес емес.

Қазақстан Республикасы­ның Президенттігіне кандидат Фатима Бизакованың сәйкесті­гін анықтау мәселесі бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов баян­дама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Ф.Бизаковаға қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар салын­ғанын хабарлады.

Президенттікке кандидат Фатима Бизакова 1967 жылы 31 мамырда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Абай ауылында дүниеге келген. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес үміткер бас бостандығынан айыру орнында отырмаған; заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталған сотталғандығы жоқ; сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған; белсенді сайлау құқығына ие.

Ішкі істер министрлігі ұсын­ған мәліметке сүйенсек, Фатима Бизакова тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстанда соңғы 55 жыл бойы тұрады. Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Пре­зиденттігіне кандидатты ұсын­ған «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлес­тігінің Қазақстан Респуб­ликасының Әділет министр­лігінде тіркелгені туралы құжаты бар екенін растады. Кандидаттың Мемлекеттік қыз­мет істері агент­тігі мемле­кеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауа­зым­дардағы жұмыс өтілі жоқ. Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкілетті органдардан алын­ған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының Президент­тігіне кандидат Фатима Бизакова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарына сәйкес емес.