Қоғам • 12 Қазан, 2022
Елімізде жыл басынан бері 909 автокөлік ұрланып, оның 775-і табылған. Көлік ұрлығына кәсібиленген қылмыскерлердің жалғыз жүрмейтіні анық. ІІМ-нің дерегіне қарағанда, жыл басынан бері 19 қылмыстық топ құрықталған. Көбіне Toyota және Lexus маркалы автокөліктер ұрланады екен.
Қоғам • 11 Қазан, 2022
Кәсіподақ өкілдерімен кездесу: Сенім нығая түсті
«Адамдар – Өзеннің жаңа мұнайы». Жаңаөзен қаласының кәсіподақ өкілдері Ақмола облысының Зеренді демалыс аймағында дәл осы тақырыпта өткен жиында бас қосты. Келелі кездесуде мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшылығымен жолығып, түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты.
Қазақстан • 11 Қазан, 2022
Биылдан бастап Республика күні ұлттық мерекеге айналды. Күнтізбеден 25 қазан көзге оттай басылып, азаттықтың лебі ескендей сезілетін. Иә, 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы қабылданып, бұл құжат ел тәуелсіздігіне жасалған алғашқы қадам болды.
Саясат • 10 Қазан, 2022
Алматыда Философия, саясаттану және дінтану институтының саяси зерттеулер орталығының алаңында ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен «Президент сайлауы – халық таңдауы» тақырыбында Ұлттық ғылым академиясы президиумының кеңейтілген отырысы өтті.
Саясат • 09 Қазан, 2022
Заңның талаптарына сәйкес келеді
Орталық сайлау комиссиясы Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттыққа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.
Қоғам • 09 Қазан, 2022
– Қатын, тамағың дайын ба? Тағы да құр рожки қуырғансың ба? Анау көрші Мараттың келіншегін қарашы, пысық. Қашан өтсең де дәмді тамақ пісіріп жатады. Иісі мұрныңды жарады.– Күйеуі сен сияқты күні бойы диванда аяғын көкке көтеріп жатпай, таксист болып қосымша табыс табады. Сенің жүрісің мынау, не тұрақты жұмысың жоқ. Күнде араққа сылқия тойып келесің. – Жыныма тиме, әкеңнің... – Алло, полиция ма екен? Күйеуім қол көтерді...
Саясат • 09 Қазан, 2022
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттыққа сәйкестігі туралы қаулы қабылдады.
Қоғам • 06 Қазан, 2022
Былтыр Ішкі істер министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «102» мобильді қосымшасын іске қосқаны белгілі. Жаңа жүйе қолға алынғаннан бері тұрғындармен байланыс нығайып, өзара диалог қалыптаса бастағаны байқалады.
Саясат • 06 Қазан, 2022
Партия тұғырнамасы: «Адам – мемлекеттің басты байлығы»
Елордада «Аmanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп, аманаттықтар кезектен тыс Президент сайлауына өз үміткерін – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Партия мүшелері Қазақстан Президентінің соңғы жылдардағы қиын-қыстау кезеңде атқарған жүйелі жұмысын атап өтіп, алдағы уақытта да реформаларды нәтижелі жүзеге асыратынына сенім білдірді.
Саясат • 06 Қазан, 2022
Кейінгі жылдары Ұлттық волонтерлер желісі қуатты ұйымдардың біріне айналды. Елімізде болып жатқан кез келген маңызды шаруаның басы-қасында еріктілер жүреді. Алысқа бармай-ақ пандемия кезінде дәрігерлермен бірге «майданның» алғы шебінен табылғанын атап өткен жөн.