Сұхбат • 01 Қазан, 2024
Ерлан Нысанбаев: Тұран жолбарысы қайта оралды деуге болады
Өткен апта еліміз үшін тарихи оқиғамен басталды. Ұзақ жылдан кейін Тұран топырағына жолбарыс қайта оралды. 2010 жылы осы аң түрін сақтап қалуды талқылаған алғашқы халықаралық форумда еліміз жабайы жыртқышты өңірге әкеліп жерсіндіруге дайын екенін мәлімдеген еді. 2017 жылы еліміз бен WWF International (Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры) арасында меморандум жасалып, соның негізінде арнайы бағдарлама әзірленді. Жоба аясында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватын құру, оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қалпына келтіру жұмысы атқарылды. Бұл істің еліміз үшін маңыздылығын Президент 2021 жылғы жаңажылдық үндеуінде атап өтті. Ал күні кеше Нидерланд елінен екі Амур жолбарысының жеткізілуі бағдарламаның маңызды кезеңі басталғанын көрсетеді. Осыған орай Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен сұхбаттасқан едік.
Сұхбат • 08 Маусым, 2024
Дархан САТЫБАЛДЫ: Мақсат – жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру
Біраз жыл бұрын еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы өзгеріп, Түркістан облысы құрылғаны белгілі. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан қаланың бір күнде өңір орталығына айналуы, қоржыны тоқ мегаполистен бөлінуі бастапқыда тұрғындарды алаңдатқаны да рас. Алайда қайта құрылымдау дамуға тың серпін бергенін аймақтың бүгінгі келбеті айғақтап тұр. Осы ретте бүгінгі ілкімді істер мен алдағы межені білмек ниетпен облыс әкімі Дархан САТЫБАЛДЫНЫ әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 13 Ақпан, 2024
Арман Исағалиев: Инвестиция саласына серпін беретін сапар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 ақпан күндері Қатарға мемлекеттік сапармен барып, екі елдің саяси, сауда-экономикалық байланыстарын нығайтатын бірқатар маңызды кездесу өткізбек. Осы сапар қарсаңда еліміздің Қатар мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Арман Исағалиевті әңгімеге тартқан едік.
Сұхбат • 23 Сәуір, 2023
Тамара Дүйсенова: Бұл құжат – Әділетті Қазақстанның жаңа әлеуметтік саясаты
Мемлекет басшысы 2020 жылы халыққа Жолдауында әлеуметтік қамтамасыз ету саласы 17 заң, ондаған актімен реттелетінін, бұл жүйесіздікке әкеп соқтыратынын айта келе, Үкіметке Әлеуметтік кодексті әзірлеуді тапсырған еді. Өткен аптада Президент аталған құжатқа қол қойды. Кодекс азаматтарды әлеуметтік қорғау саласына қандай өзгеріс әкеледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен сұхбатта осыған қатысты сұрақтарға жауап алдық.