Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6641 материал табылды

Коронавирус • 03 Наурыз, 2021

Шымкентте мұғалімдерді COVID-ке қарсы вакциналау басталды

Шымкентте мұғалімдерді ковидке қарсы вакциналау жұмыстары басталды. Бұл үшін қалаға І-компонентті 4800 доза және ІІ-компонентті 3800 доза «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы әкелінді. Бұл жолы екінші кезеңге сәйкес КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, жоғары оқу орындарының қызметкерлері алады. Бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Еліміздің екі облысындағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Бүгін Қазақстанның екі облысындағы жолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысына уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Екібастұзда жолаушылар вагоны өртенді

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент • 02 Наурыз, 2021

Сенаторлар мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынына дайындығын талқылады

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Кездесуге қатысушылар Төтенше жағдайлар министрлігі мен жекелеген өңірлердің күштері мен құралдарының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 02 Наурыз, 2021

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Әлихан Бөкейхановты еске алды

Тоталитарлық режимнің құрбандары тұтас халықтар да, сонымен қатар, қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірі, ғалым, публицист Әлихан Бөкейханов сияқты жеке тұлғалар да болды. Бүгін оның 155 жылдығына арналған еске алу шарасы аясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің дипломаттары Донской зиратындағы сталиндік репрессия құрбандары жерленген ортақ қабірге гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Нұркен Өтеуіл Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театр директорының шығармашылық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 02 Наурыз, 2021

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет атанды. 1945 жылы құрылған ол 76 жыл өтсе де бүгінде баламасыз әмбебап жаһандық ұйым болып қала береді және бүкіл адамзаттың мүддесі мен қажеттілігіне аянбай қызмет етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Наурыз, 2021

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде көлік құралдары мен вагондар тұрып қалатын проблеманы реттеу ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэньмен екіжақты келіссөздерінде басты тақырып болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Наурыз, 2021

Жүк жөнелтушілер бастамасымен ҚХР-ға жүк қабылдауға уақытша тыйым салынады

ҚХР-мен шекаралас станциялардағы жағдай күрделі күйінде қалуда. Ковидке қарсы қатаң шектеу шараларға қатысты көрші ел жүк тиелген вагондарды қабылдамайды. Тастап кетілген пойыздар саны өсуде, бұл Қазақстанның магистральдық желісінің өткізу қабілетіне теріс әсер етуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.