Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6709 материал табылды

Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Нұрлан Ермекбаев Төтенше жағдайлар министрімен кездесті

Қорғаныс министрлігінде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен генерал-майор Юрий Ильин жұмыс бабымен кездесті. Тараптар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюдағы жедел өзара іс-қимылды талқылады.

Саясат • 29 Қаңтар, 2021

Қазақстан елшісі Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесті

Екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаевтың Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич Радманмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауа райы • 29 Қаңтар, 2021

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 2021 жылғы 30 қаңтар – 01 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Қызылорда облысында онлайн қызметтерге сұраныс артуда

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қызылордалықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін кең көлемді іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесінде тұрғындар ХҚО-ға бармай-ақ, смартфонның көмегімен мобильді қосымшалар арқылы қызметтерді белсенді түрде алуда. Атап айтар болсақ,  Жыл көлемінде «eGov mobile» қосымшасына облыс бойынша  50 мыңнан астам қызылордалық тіркеліп, 175 385 қызметті онлайн алған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиал директоры Айдын Қайруллаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда • 29 Қаңтар, 2021

Елордада карантин бұзушылармен күрес қалай жүріп жатыр?

Осы жылдың 28 қаңтарында кешкі аралау кезінде аудандық әкімдіктер мен ПД қызметкерлерінен құралған мониторингтік тобы ШОБ-тың кезекті нысандарында карантин режимінің сақталуын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда • 29 Қаңтар, 2021

Елордада «Астана – Адалдық алаңы» жұмысының қорытындысы шығарылды

Елордада «Астана – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің 2020 жылғы жұмыс қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Парламент • 29 Қаңтар, 2021

Сенаторлар дипломатиялық қызметті жетілдіру мәселелерін талқылады

Сенатта Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері ҚР сыртқы саясат мекемесінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның дипломатиялық қызметін дамытудағы құқықтық мәселелер мен басымдықтарды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Алдын алу жұмыстарының арқасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 11%-ға төмендеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев алдын алу жұмыстарының арқасында сыбайлас жемқорлық қылмыстары 11%-ға төмендегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan белсенділері мен жақтастарына алғыс айтты

«Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан 18 мыңнан астам белсенді мен партия жақтасы Елбасыдан алғыс алады. Марапатталатындардың 70%-тен астамы – аудан мен шағын қалалардың тұрғыны болса, 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы бүгін партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізеді

1-5 ақпан күндері аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету учаскесінде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Департамент бастығы Оңал Бекеев хабарлады.