Қоғам • 20 Қаңтар, 2021
Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік және медициналық қызметтерді жүйелеу, мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жанынан «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 20 Қаңтар, 2021
Елордада 10 мың дана экодорба таратылады
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КММ-ның ұйымдастыруымен елордада «Біз – таза қала үшін!» экологиялық акция басталды. Акция аясында бір апта ішінде еріктілер «Анвар» гипермаркетінің келушілеріне «Eco Friend» ЖШС өндірген 10 мыңға жуық экодорба таратады. Бұл туралы Egemen.kz Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2021
Жөтелді арақ буымен емдеуге бола ма?
Telegram қолданушылары арақпен тыныс алу жолы көрсетілген видео нұсқаулықты таратуда. Ролик кейіпкерінің айтуынша, ол осылайша жөтелден құтылған. COVID-19 жұқтырғанда да осы әдісті қолдану ұсынылады. Емдеудің бұл жолы денсаулық үшін пайдалы ма, зиян ба? Бұл сұрақтың жауабын пульмонолог Елена Мирзо айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz StopFake.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс алаңдарын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыс барысын бақылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021
Атырауда сотталған азамат еріктілер қатарына қосылды
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат еріктілер қатарына қосылып, халықтың алғысына бөленіп жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасапп.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2021
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық 4 жылға сотталды
Алматы қаласында астыртын ойынхана қызметін ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.
Руханият • 20 Қаңтар, 2021
Әлімғазы Райымбековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті
Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тақиялы періште» фильмінде басты рөлді сомдаған Әлімғазы Райымбековпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қаңтар, 2021
Мажарстанда тегін оқу стипендиясын қалай алуға болады
Мажарстан Үкіметі қазақстандықтарға 2021-2022 оқу жылына арналған "Stipendium Hungaricum" стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 29 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021
Түзеу мекемесіне жолданған шұжықтан 24 SIM-карта табылды
Алматы облысында қатаң режимдегі колонияға жеткізілген шұжықтан 24 SIM-карта табылды, – деп хабарлайды Egemen.Kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус • 20 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 25 мыңнан аса адам коронавирустан емделіп жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар бойынша бүгінгі мәліметті ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.