Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді
Облыстағы коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы, партияішілік праймериздің нәтижелері, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге әсері мен Түркістан қаласының айналасында құрылған "Жасыл белдеудің" жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте ортаға салынды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Ақтөбеде курсанттар алғаш рет аспанға оқу-жауынгерлік тікұшақтарымен көтерілді
Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының екінші курс курсанттары алғаш рет аспанға оқу-жауынгерлік тікұшақтармен көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Қазан, 2020
Ұлттық банк қаржылық қызметтерді алу үшін қашықтан биометриялық сәйкестендіру сервисін іске қосты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды. Банк саласының жағдайы туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қазан, 2020
Дональд Трамп коронавирустан толық айықты ма?
Соңғы бірнеше күн қатарынан АҚШ президенті Дональд Трамптың коронавирусқа тапсырған тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Нидерландта екінші рет коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды
Нидерландта коронавирустың жаңа түрін қайта жұқтырған 89 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.
Әлем • 13 Қазан, 2020
Оңтүстік Кореяда міндетті маска режимі енгізілді
Корея республикасының билігі сейсенбіден бастап қоғамдық көліктерде және бүкіл ел аумағында адамдар көп жиналатын жерлерде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін міндетті маска режимін енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Қазан, 2020
Асқар Мамин республикалық бюджеттің атқарылу қорытындыларын қарады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Қазан, 2020
Коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстары ақшалай өтемақы алды
COVID-19-ға қарсы күресте қаза тапқан барлық 182 медицина қызметкерінің туыстары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 10 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды. Бұдан басқа COVID-19-бен күресуге тартылған 5,3 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтыруына байланысты МӘСҚ-дан біржолғы әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Елордаға ұшып келген 104 жолаушы стационарлық карантинге жатқызылды
Нұр-Сұлтанға шетелден ұшып келген ПТР тесті жоқ 104 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 13 Қазан, 2020
Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 70 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Egemen.kz.