Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020
Әскери қызметші Қарағандыдан Жаңаарқаға екі күнде жүгіріп жетпек
Әскери полицияның әскери қызметшісі – аға лейтенант Заңғар Әлкенов Қазақстанда алғаш рет «Қарағанды – Жаңаарқа» бағыты бойынша ультрамарафонды жүзеге асырады. Ол 48 сағатта 200 шақырымды бағындыруды жоспарлап отыр, -деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020
Ордабасы ауданында жылыжай аймағы құрылды
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылында жалпы аумағы 15 гектарды құрайтын «Шұбарсу» жылыжай аймағы ашылды. Жылыжай аймағынан жер телімін алып, кәсібін жүргізуге 63 азамат өтінім білдірген. Шаруаларға мемлекет тарапынан 15 соттықтан жер телімі берілуде. Олардың ішінде 29 азамат несие алу арқылы жұмысын бастамақ. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Азаматтарға шағын несие беру арқылы кәсіпкерлерді қолдауымыз керек - Гүлшара Әбдіқалықова
Бүгін Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
БҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтті
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 37-ші сессиясы өтіп, сессияның күн тәртібіне Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, талқыланды. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
СҚО әкiмi Аққайың ауданында жөндеу жұмыстарының аяқталу барысын қадағалады
Бұл жайында облыс әкiмi әлеуметтiк желiлердегi парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда жалған банкноттар саны екі есе азайды
Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Талдықорғанда студенттер жатақханасы пайдалануға берілді
Бүгін Талдықорғанда студенттерге арналған 288 орындық көпқабатты жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» аясында жатақхана құрылысы өткен жылы қолға алынып, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,3 млрд. теңге жұмсалды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Түркістандық азаматша мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін цехын ашты
Түркістандық кәсіпкер Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда онда 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады
Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жиһаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020
Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті
12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.