Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалды
Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам қала тізгінін қолына алды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Арыс қалалық мәслихаты депутаттарының қолдауымен, Арыс қаласының әкімі болып Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Сенатта мүгедектерді қолдауды күшейту туралы айтылды
Бүгін Сенатта мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік қорғалуын арттыру мәселесі талқыланды. Мәулен Әшімбаев ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау – қоғамның дамуы мен кемелдену деңгейінің маңызды көрсеткіші екенін еске салды. Алайда, елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстарға қарамастан, әлі де өз шешімін талап ететін мәселелер бар.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Сенатта ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
Сенатта елімізде инклюзивті қоғам құру бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысы талқыланды. Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен кездесуде ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі де кеңінен сөз болды. Іс-шараға сенаторлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, сондай-ақ, осы бағытта жұмыс істеп жүрген ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы рейстерге енді цифрлық құжаттарды пайдалануға болады
Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, "Air Astana" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Сейсенбі күні, яғни 6 сәуірде сағат 9:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Сәуір, 2021
Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Биыл ҰБТ-ға қанша қаражат жұмсалады
2021 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге 400 млн теңге жұмсалады. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2021
Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды
Шымкентте мониторинг жүргізу барысында карантин режимін бұзу жайттары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 05 Сәуір, 2021
Тестілеу нәтижелері ҰБТ аяқталғаннан кейін бірден дайын болады
Электрондық ҰБТ нәтижелерін өңдеу барысында парақтағы ішінара боялған жауаптардың есептелмей қалуы сияқты техникалық қателердің болуы мүмкін емес. Тестілеудің бұл форматында оқушылар жауап парағын толтыруға уақыт жұмсамай, бұл уақытты тест тапсырмаларын орындауға пайдалана алады. ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылатынын атап өтті. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады.
Спорт • 05 Сәуір, 2021
Таеквондошылар Алматыда оқу-жаттығу жиынына кірісті
Таеквондодан Қазақстан құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.