Аймақтар • 14 Тамыз, 2020
Алматы облысында суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде
Су аз болғанына қарамастан, "Қазсушар" мамандары жергілікті жерлерде барлық қажетті шараларды қабылдап, шаруа қожалықтарының алқаптарын суару мәселесі жедел шешімін табуда.
Экология • 14 Тамыз, 2020
Қазақстанға эколог-заңгерлер қажет
Экологиялық мәселелер халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен денсаулығына кері әсер етуде. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, 2020 жылғы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында экологиялық білімнің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын. Бұл жағдайда экологиялық құқықты қорғайтын мамандардың тапшылығы байқалуда. Осыған орай, KAZGUU эколог-заңгерлердің жаңа буынын оқытуды бастайды.
Парламент • 14 Тамыз, 2020
Сенаторлар онлайн-кездесу өткізді
Бүгін Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары коронавирус пандемиясы кезінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және гуманитарлық көмекті бөліп, тарату мәселесі бойынша денсаулық сақтау, сыртқы істер, қаржы министрліктерінің және тағы басқа мүдделі ведомстволардың басшыларымен видео-конференция форматында кездесу өткізді. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2020
Мақтааралда зардап шеккен егістік алқаптар қайта жайқалды
Тасқын судан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарында 3,4 мың га жер қайта өңделіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап өтер болсақ мақта, бақша өнімдері мен жүгері, күріш егіліп, жұмыстар жалғасуда.
Бизнес • 08 Тамыз, 2020
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Жобалық офистің отырысын өткізді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі.
Спорт • 08 Тамыз, 2020
УЕФА Чемпиондар лигасы 1/8-финалының матчтары тікелей эфирде
7-8 тамыз аралығында Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық матчтардың тікелей трансляциясын «QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бір аптада 60-тан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді
Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 60-тан астам сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. 4 шенеунік ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысының экс-әкіміне және облыс әкімдігінің өзге де лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізгені белгілі. Осы және өзге де ақпаратпен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бөлісті.
Медицина • 07 Тамыз, 2020
Медициналық сақтандыру жүйесінде болмауыңыздың 6 себебі
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде жарна төлеп жүрген елорда тұрғыны, Egov арқылы тексергенде немесе Телеграмм бот арқылы қарағанда МӘМС мәртебесі «сақтандырылмаған» деп көрсетілсе, оның себебін анықтап, білу керек. Біз бүгін ең жиі кездесетін 6 себепке тоқталамыз.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2020
Қазақстандық ғалымдар COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны өздеріне салдырды
COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ерікті түрде вирусқа қарсы вакцина салдырды. Вакцина ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 07 Тамыз, 2020
Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын уақытша тоқтатты
Түркия халықаралық авиакомпаниялардың кейбір елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушылар рейстерінің орындалуын тоқтатты. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.