Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
5060 материал табылды

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Бағдат Мусин Павлодардағы цифрландыру жұмыстарымен танысты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Қоғам • 23 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды

1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 168,6 мың отбасының 858,2 адамына 58,3 млрд теңге сомасында төленді.

Әлем • 23 Желтоқсан, 2020

«Ұстаздың оралуы» мен «Абай ұлы ойшыл және гумманист» кітаптары ағылшын тілінде жарық көрді

Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен халқымыздың біртуар перзенті Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ҚР Сыртқы істер министрлігі АҚШтағы қазақстандық дипөкілдіктерімен бірлесіп, Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және Ж. Әбдилдиннің «Абай ұлы ойшыл және гумманист» атты кітаптарын ағылшын тілінде жарыққа шығарды.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Экология министрі Өскемен жылу электр орталығына барды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Сапар барысында ол «Өскемен ЖЭС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барды. Атап өтейік, Өскемен қаласы экология мәселелері ең өткір тұрған 5 өңірдің қатарына кіреді.

Әлем • 22 Желтоқсан, 2020

Қазақстан азаматтары Оманға визасыз бара алады

Оман Сұлтандығының үкіметі әлемнің 103 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының, азаматтары үшін 10 күндік визасыз тәртіп енгізгенін жариялады.

Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2020

Мектептерде ақылы олимпиадалар өткізуге қатаң тыйым салынады

Жеке ұйымдар оқушылар мен мұғалімдерге арналған күмәнді ақылы онлайн конкурстар мен олимпиадаларды ұйымдастырып жүр. Сондықтан ҚР БҒМ педагогтерді, ата-аналарды ұйымдастырушылардың алаяқтық әрекеттерінен сақ болуға шақырады. Олардың көздеген мақсаты – заңсыз ақша жинау.

Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020

Сауда және интеграция министрлігі жемқорлықпен қалай күресуде?

Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Сауда және интеграция министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі Министрлік жетекшілік ететін салаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған.

Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2020

Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді

Қазақстанда кейбір жеке тұлғалар педагогтерге арналған жалған наградаларды жасап, оларды оңды-солды сатып жатыр. Күмәнді ақылы конкурстарға қатысу нәтижесінде алынған наградалар мен дипломдар педагогтерді аттестаттаудан өткізу кезінде ескерілмейді.

Парламент • 22 Желтоқсан, 2020

Сенаторлар білім туралы заң жобасын қарады

Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында білім, қоғамдық кеңестер, мәдениет және спорт жөніндегі бірқатар заң жобалары қаралды.

Үкімет • 22 Желтоқсан, 2020

Үкіметте «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру барысы қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды.