Парламент • 22 Желтоқсан, 2020

Сенаторлар білім туралы заң жобасын қарады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұрат Бақтиярұлының төрағалық етуімен өткен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында білім, қоғамдық кеңестер, мәдениет және спорт жөніндегі бірқатар заң жобалары қаралды.

Сенаторлар білім туралы заң жобасын қарады

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қоғамдық кеңестер институтын одан әрі дамытуға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың шешімдер қабылдауына азаматтық қоғамды тарту тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Онда балалармен бірге ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спорт секцияларында және шығармашылық үйірмелерде шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейтеді, халыққа арналған спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Заң білім берудің барлық деңгейіндегі оқу бағдарламасына ұлттық спорт түрлерін енгізуді көздейді.

Сенат депутаттары сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Құжат педагогтарды әлеуметтік қорғауды арттыру, білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру, білім беру процесін жетілдіру жөніндегі жекелеген ережелерді қамтиды.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.