![Ақылы конкурстарда берілетін марапаттар аттестаттау кезінде ескерілмейді](/media/2020/12/22/crop-1_205_594x791_photo5408991391092159140.jpg)
ҚР БҒМ ведомстволық наградаларының қатарына «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «Еңбек арадагері» төсбелгілері, «Құрмет грамотасы» және «Алғыс» грамоталары кіреді. Бұл ресми төсбелгілер мен грамоталар ведомстволық наградалар жөніндегі комиссияның шешімі бойынша ғана беріледі.
Сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес 2020 жылдан бастап облыстық әкімдіктер мұғалімдерге арналған жергілікті наградаларды бекітіп, айтулы даталарға орай марапаттауға құқылы. Ол наградалар тегін екенін ескерген жөн.