Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2020

Бағдат Мусин Павлодардағы цифрландыру жұмыстарымен танысты

99 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады.

Бағдат Мусин Павлодардағы цифрландыру жұмыстарымен танысты

Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалының жұмысына баға беріп, мемлекеттік корпорация ұжымымен кездесті. Филиал директоры Фархат Алимов 11 айдағы жұмыс қорытындылары туралы есеп беріп, әрбір ХҚКО-ға келген әрбір азаматтарына eGov mobile қосымшасын орнату бойынша ұсынатынын және смартфонның көмегімен цифрлық құжаттарды пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіретінін атап өтті.

Өңірге жұмыс сапары барысында Министрлік басшысы Open Pavlodar кеңсе-орталығында болып, онда қала әкімі Ержан Иманслям қала тұрғындарының қызметтерді алуын цифрландыру және жеңілдету бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді. Министр Open Pavlodar кеңсе-орталығын аралау барысында қала тұрғындары, ХҚКО-ғы мен кеңсе-орталығы клиенттерімен әңгімелесіп, толғандыратын сұрақтарына жауап берді. Бұдан басқа, Министр «Қазпошта» АҚ филиалының ұжымымен кездесу өткізіп, пошта бөлімшелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін ұсыну жоспарлары және мемлекеттің пошта саласын қолдау жоспарлары туралы айтты.

Министрлік басшысы «Проманалит» ЖШС-да болып, талдау және өнеркәсіптік автоматтандыру, экологиялық мониторинг жүйесі және т.б. бойынша отандық инженерлер әзірлеген инновациялық сервистермен танысты. Министр шетелдік аналогтармен бәсекелесетін және басқа елдерге экспортталатын отандық сервистерді құратын осындай зауыттардың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ аралау барысында Министрге кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат берілді, тау-кен көлік кешенін басқару жүйесінің отынды есепке алу және көлік мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің жұмысын көрсетті. Кәсіпорын жоғары маркалы бастапқы алюминийді Қазақстандағы жалғыз өндіруші болып табылады.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ Деректерді өңдеу орталығына, 109 бірыңғай байланыс орталығына, Торайғыров университетіне барып, «Open Akimat» фронт-кеңсесінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, Министрлік басшысы Павлодар облысының әкімі Абылқаир Сқақовтың қатысуымен ағымдағы жағдай және өңірді цифрландыруды дамытудың проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Өңірлердегі цифрландыру – өте жауапты әрі маңызды процесс. Облыс әкімінің цифрландыру бағдарламасын іске асыруға жеке қатысуы, қолдауы Павлодар облысы алдыңғы қатарлы «ақылды облыстардың» бірі болатынына, ал Павлодар болашақта тиімді шешімдерді енгізу процесінде басқа қалалар үшін үлгі бола алатынына сенімділік береді», – деп атап өтті Бағдат Мусин кеңес барысында.