Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Миссия орындалды: үшінші бітімшерлік рота елге оралды
Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады. «ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орыбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов. Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді. Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді. Миссия басшылығы, шетелдік әріптестер мен бақылаушылар олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделдері бар екенін растады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жарияланған күні 04 тамыз 2020 Қызмет бағыты Бітімгершілік операцияларына қатысу Жаңалықтарға жазылу
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Телесабақтар қай телеарналардан көрсетіледі
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
2,1 млн-нан астам қазақстандық "42 500 теңге" біржолғы төлемін алды
4 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.
Үкімет • 04 Тамыз, 2020
Үкімет 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жаңа 2020-2021 оқу жылының басталуына дайындық мәселесі қаралды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Қазақстанда 118 қала мен 4 273 ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Бағдат Мусин халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Елорда әкімі жаңа мешіт құрылысымен танысты
Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Колледждер мен университетте оқу қалай жүзеге асады?
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 04 Тамыз, 2020
Коронавирустық жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды
Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 04 Тамыз, 2020
Өткен аптада коронавирустан 265 адам көз жұмды
27 шілде 2 тамыз аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 265 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Министр Аймағамбетов жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады
Қашықтан оқу форматында 2,6 млн оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың бала, штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл туралы Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады, - деп жазады Egemen.kz