Қазақстан • 04 Тамыз, 2020

Колледждер мен университетте оқу қалай жүзеге асады?

3051 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Колледждер мен университетте оқу қалай жүзеге асады?

"Колледждерде педагогикалық, ІТ, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша қашықтан оқыту, технологиялық, аграрлық, медицина, өнер бағыттары бойынша аралас оқыту ұсынылады. Сәйкесінші, зертханалық жұмыстар мен өндірістік тәжірибені штаттық реимде жүргізуге мүмкіндік береміз. Мұнда өте аз бала қамтылған. Олар өздерінің жұмыс орындарында болады деп жоспарлануда", деді ол.

Министрдің айтуынша, алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын 9 мыңнан студенті бар 102 колледжде штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр.

"ЖОО-да оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, ІТ, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық және аграрлық, медицина мен өнер бағыттары бойынша дәрістер мен семинарлар 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізіледі", деді министр.

Сондай-ақ магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады. Болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқудың басым бөлігі дәстүрлі форматта жүргізіледі.