Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ
Баян СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
826 материал табылды

Тағайындау • 04 Наурыз, 2026

Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 04 Наурыз, 2026

SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді

SCAT Airlines әуе компаниясы DV5361 рейсін Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейсті сәтті орындады. Boeing 767 әуе кемесімен Қазақстанға 314 жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ата заң • 04 Наурыз, 2026

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум қарсаңында халықтың хабардарлық деңгейі мен жаңа Конституция жобасына деген көзқарасын анықтау мақсатында әлеуметтанулық телефон сауалнамасын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 04 Наурыз, 2026

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

Ақтөбе қаласында қуаттағыш құрылғының жарылысы салдарынан өрт шығып, бір отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке • 04 Наурыз, 2026

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

2026 жылы Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның бірқатар өңірлерінде әйелдерге жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылған. Алайда бұл қолдау барлық аймақта бірдей емес: кей өңірлерде қомақты қаржы бөлінсе, ірі қалалардың кейбірінде мерекелік төлем мүлде қарастырылмаған. Біржолғы көмектің мөлшері 8 650 теңгеден 21 625 теңгеге дейін, деп хабарлайды Egemen.kz

Футбол • 04 Наурыз, 2026

«Реал» тағы да бапкер ауыстырады

Пепе Альварестің мәліметінше, «Реал Мадрид» клубы бапкерлік құрамға қатысты нақты шешім қабылдаған. 6 наурыз күні өтетін Сельта командасына қарсы кездесуден кейін Арбелоа ресми түрде қызметінен кетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2026

Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты

Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Наурыз, 2026

Қазақстандағы ең «қымбат» әкімдер кімдер?

Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуы көп жағдайда әкімдіктердің жұмысына байланысты. Себебі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнестің жай-күйі, ірі компаниялармен өзара іс-қимыл және инвестиция тарту мәселелері тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Осыған байланысты әкімдер мен олардың аппаратын ұстауға арналған шығындар өңірлік бюджет құрылымында елеулі орын алады. National Business Kazakhstan сарапшылары қай өңір басшылары бюджетке қымбатырақ түсетінін анықтап, 2026 жылға арналған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттеріндегі «әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бабы бойынша шығындарды салыстырып, арнайы рейтинг жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 03 Наурыз, 2026

Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау шаралары күшейтілді. 2026 жылдың басынан бері өңірде 20-ға жуық кәсіпкер шекті рұқсат етілген сауда үстемеақысын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 03 Наурыз, 2026

Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасының иесі қамауға алынды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика