Қазақстан • 13 Мамыр, 2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл басында тағдыр талайы мен діни сауатсыздығы үшін заңсыз жолдар арқылы Сирияға тап болып, ондағы мерзімсіз соғыстың қыспағында қалған отандастарымызды құтқару операциясы жалғаса беретіндігін айтқан болатын. Жалпы, «Жусан» операциясы жайындағы Қазақстан Президентінің мәлімдемесімен қатар тараған қысқа ғана бейнероликте іс-шараның қалай өткендігі жайында ақпарат берілген.
Президент • 07 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери атақтар мен мемлекеттік наградалар тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және Ұлы жеңіс мейрамымен құттықтап, әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Қазақстан • 01 Мамыр, 2019
Президенттік сайлауды 3000 заңгер байқайды
Елімізде маусым айына белгіленген президенттік сайлауды барлық аймақта 3000-ға жуық заңгер байқап отырмақ.
Саясат • 26 Сәуір, 2019
Қазақстанның транзиттік әлеуеті артып келеді
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңде өтіп жатқан «Бір белдеу, бір жол» 2-ші халықаралық ынтымақтастық форумының ашылу рәсімінде 1990 жылдан бері жаңа Жібек жолы – Еуразия тұжырымдамасын жаңғыртуға көптеген ұмтылыстардың болғандығын атап өтті. Алайда көптеген себептерге байланысты бұл жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмаған. Оған қоса, әлемдік қоғамдастық жаңа бастамаларға дайын болмаған.
Қоғам • 02 Сәуір, 2019
Қарулы Күштер қатары 35 мың сарбазбен толығады
Биыл елімізде қысқа мерзімдік әскери қызметке 35 мың адам қабылданады. Олардың ішінде 17 мың адам – көктемгі, 17500 адам күзгі уақытта әскер қатарына шақыртылмақ. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Ардақ Кукатов мәлімдеді.