Серік ӘБДІБЕК
Серік ӘБДІБЕК«Egemen Qazaqstan»
41 материал табылды

Қазақстан • 27 Тамыз, 2019

Жалпыұлттық коалиция тарады

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының жұмысы тоқтады. Бұл шешім Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен кеңес барысында қабылданды.

Қазақстан • 27 Тамыз, 2019

5G байланысқа дайынбыз ба?

Отандық автокөлік, өнеркәсіп, ауылшаруа­шылық, білім, телемедицина және басқа да салалары бастауын ағылшынның «fifth generation», яғни бесінші буын деп аталатын мобильдік байланыс түрін енгізуге дайын ба? Жалпақ тілмен 5G аталып кеткен байланыс экономика секторларын дамытуға қандай серпіліс әкеледі?

Аймақтар • 21 Тамыз, 2019

Армия ойындарында үшінші орын

Мәскеу облысының Алабино полигонындағы «Патриот» саябағында бесінші халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі мен жалпы командалық есептегі жеңім­паздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Сайыс қоры­тындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы үшінші орынды еншіледі. АрХО жабылу рәсіміне еліміз әскери ведомствосының басшысы Н.Ермекбаев арнайы барды.

Әлем • 20 Тамыз, 2019

Солтүстік Корея тағы да зымыран ұшырды

Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы толық денуклеаризация бойынша келіссөздерді жалғастыру мерзімі тағы ұзаққа созылып, тараптардың қайта бас қосуы күрделеніп кететін сияқты. Жағдайдың былайша ушығуына өткен аптаның сенбі күні Солтүстік Кореяың Канвондо қаласы маңынан тағы белгісіз екі зымыранның атылуы ықпал етіп, әскери сарапшыларды алаңдатып қойды.

Әлем • 14 Тамыз, 2019

Экс-президентке ауыр айыптар тағылды

Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жағдайы қиындап барады. Атап айтқанда, елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев экс-президент мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған деп хабарлады. Бұл жөнінде АКИpress ақпарат агенттігі жазды.

Қоғам • 14 Тамыз, 2019

Зорлықшыларға қатаң жаза қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекке жос­пар­ланған халыққа Жолдауында педофи­лия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шара­ла­рын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктелетінін жариялады. Міне, осы Жолдаудан кейін зорлықшыларды атқа теріс мінгізу басталатыны анық.

Қоғам • 09 Тамыз, 2019

Армия ойындары айбынымызды асырады

Қазақстанның «Отар» 40-ыншы базасында Қорғаныс министрі, генерал-ма­йор Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен халықаралық Армия ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Биыл әлем елдерінің әскерлері арасындағы бәсеке 10 елдің 21 полигонында, сондай-ақ Каспий, Балтық теңіздері мен Парсы шығанағында өтуде.

Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Мәслихаттар өз міндетін атқарып отыр ма?

Азаматтық қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын маңызды орган – сайланбалы жергілікті өзін өзі басқару мекемелері. Яғни, біздіңше мәслихаттар. Соңғы әкімшілік реформалар жергілікті билікке елеулі өкілет­тіктер берді. Дегенмен мәслихат депуттары өз құзыретін толық пайдаланбай, тағайындалатын әкімдерге тәуелді деген сын аз емес. Оның себебі неде?

Әлем • 29 Шілде, 2019

Ядролық қару деректері неге құпия?

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған ядролық қару иелену жанталасы қазір бақталасқа ұласып кетті. Сол бәсекеде үстем шыққан атом бомбасын жасап, ядролық оқтұмсықтардың санын көбейтуге ұмтылды. Бастапқыда бұл жойқын қару тек қарсыластың әкімшілік және әскери-өндірістік орталықтарын, ірі әскери-теңіз және авиациялық базаларын жоюға арналғанымен, қазір ол тіршілік атаулыны тып-типыл ететін қуатқа ие.

Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Жарылыс жаңғырығы ұзақ сақталады

Арыс қаласының іргесінде орын тепкен әскери қоймадағы жарылыстан аман қалған оқ-дәрілер мен қару-жарақты түгелімен көшіру келесі жылдың мамыр айына дейін аяқталуы тиіс. Алдын ала жоспар бойынша қазір Қорғаныс министрлігінің Арыстағы қоймаларында 28 мың тоннадан аса қауіпті мүлік қалған. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың баяндауынша, бұл қару-жарақ пен оқ-дәрілер 817 вагонға жүк болады екен.