Қоғам • 02 Шілде, 2019
Білім және ғылым министрлігі 3-6 жастағы балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі ұйымдармен (МДҰ) қамтамасыз етілгенін айтады. Ал ата-аналар балабақшаға қол жеткізе алмай жүреді. Оның себебі неде?
Қазақстан • 25 Маусым, 2019
Түркі дүниесінің түп тарихын таразылады
Елордада «Ұлы дала» IV гуманитарлық ғылымдар форумы өтті. Еуропа, Азия мен Американың 20-дан аса елінен жиналған 250-ге жуық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері түп-тамырынан осы заманға дейінгі түркі өркениетінің тарихын талқылады.
Қоғам • 24 Маусым, 2019
2000 жылдан бергі халықтың көші-қоны туралы статистикалық деректерге көз жүгіртсеңіз, еріксіз күрсінуіңіз мүмкін. 2000-2017 жылдар аралығында елімізден бас-аяғы 950 846 адам шетелге кеткен. 1 миллионға жуық жан. Бір ғана 2017 жылы 155 749 адам шекара асыпты, оның 31 952-сі – 14 пен 28 жас аралығындағы азамат. Еңбекке қабілетті, бойында күш-қуаты тасыған, болашағын бағамдайтын буын, ертеңгі күніне мақсат қоятын кезеңде неге шетелге кетеді?
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Гендерлік саясат, яғни әйелдердің тең құқығын және өмірдің барлық саласына қатысуын қамтамасыз ету мәселесі шетелдерде ғана емес, елімізде де жүйелі қолға алынып келеді. Назарбаев Университеттегі Гендерлік ғалымдар консорциумының (GenCon) ұйымдастыруымен I Гендерлік форум өтті.
Қазақстан • 20 Маусым, 2019
Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Биылғы науқанның былтырғыдан қандай ерекшелігі бар? Талапкерлерді тосқан жаңалықтар нендей?
Қоғам • 12 Маусым, 2019
Шетелдіктерге қазақ тілін үйрену қиын ба?
Әлемде ағылшын тілін қолданушылар қатары жыл санап артып келеді. Осы бір «ғаламдық тілдің» өрісі ағылшындар арқылы ғана емес, өзге ұлттардың да меңгеруі нәтижесінде кеңейді. Осыдан-ақ айқын аңғаруға болады: қазақ тілінің аясын ұлғайту – ана тілі немесе мемлекеттік тіл болғандықтан білетіндердің ғана емес, шет тілі ретінде үйренуге ден қоятындардың қолында.
Қазақстан • 06 Маусым, 2019
Биыл елімізде Жастар жылы жарияланды. Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың мәліметінше, Қазақстанда 35 жасқа дейінгі 7 мыңнан аса ғалым бар. Бұл елдегі 22 мыңнан аса ғалымның 32 пайызын құрайды. Қазақ ғылымындағы жас ғалымдардың үлес салмағын көбейтуге не кедергі?
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Осынау мерекенің бастау тарихына биыл 70 жыл. 1949 жылы Парижде Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының шешімімен бекітілді.
Қоғам • 24 Мамыр, 2019
1920-жылдары, яғни бір ғасыр бұрын Америкада мектеп бітіру кеші кәдімгідей бал болатын. Бал өткізуден жарысқа түсетін түлектер мұнымен «ауыратын» күйге түседі. 30 жылға жалғасқан жарысу 1950-жылдары шегіне жетіп, депрессияға түскен қыз сол кездегі АҚШ-тың бірінші ханымы Элеонора Рузвельтке көйлек сатып алып беруін сұрап хат жазады. Осыдан соң «Chicago Tribune» газетінің мәліметінше, білім саласындағы басшылар түлектерді психологиялық күйзеліске түсуден сақтау үшін аламанға айналған балдан бас тартқан.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2019
Біләл Ысқақов: «Күйдің аңызы болмаса, күй тумайды»
Қазақтың ең көне музыка жанры – күйдің киесі, қасиеті қонған, талай ғасырдан бері бізбен бірге жасасып келе жатқан домбыраның үнін асқақтатып жүрген жанды жақында жолықтырып қалдық. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Біләл Ысқақов. Бүгінде Алматы шаһарын тұрақ еткен дәулескер домбырашы, саусағынан күй төгілген күйшіні елордадағы күй-концерттен соң сұхбатқа тарттық.