Спорт • 04 Маусым, 2025
Азия чемпионатынан – алты жүлде
Оңтүстік Кореяның Куми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлықтың мықтылары жиналған жарыста еліміздің құрамасы алты жүлдеге қол жеткізіп, жалпы есепте төртінші орынға табан тіреді. Алдымызда – Қытай (19 алтын, 9 күміс, 4 қола), Үндістан (8+9+6), Жапония (5+11+12).
Спорт • 31 Мамыр, 2025
Бангкокта «Таиланд Оупен 2025» турнирінің ширек финалында көпшілік күткен жекпе-жек 65 кг салмақта өтті. Бұл бәсекеде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Қырғыз Мұнарбек Сейітбекұлын ұтты. Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг) жапониялық Сейджуро Мидзогутиді жеңді. Нұрзат Оңғаровтың (50 кг) оңтүстікореялық Таегюн Юннан, Диас Молжігітовтің (80 кг) индонезиялық Майхел Роберд Мускитен мысы басым түсті. Гүлназ Бөрібаева (48 кг) украиналық Ольга Шалимоваға есе жіберді. Жартылай финалдың алғашқы күні жерлестеріміз сәтсіз өнер көрсетті. Н.Алтынбек пен Д.Бекбауов ринг қожайындарынан ұтылды. Данияр Рақымбердинов (90 кг) қытайлық Хан Сюженьге жол берді. Виктория Графеева (60 кг) мен Гүлсая Ержан (80 кг) өз қарсыластарын қапы қалдырды.
Күрес • 29 Мамыр, 2025
Жамбылдық жампоздардың жетістігі
Астанада еркін күрестен ел кубогі өз мәресіне жетті. Биыл күзде Загребте жалауы желбірейтін әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынған жарысқа Нұрқожа Қайпанов пен Ризабек Айтмұханнан басқа балуандардың барлығы қатысты.
Спорт • 29 Мамыр, 2025
Танымал спортшы Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында ұйымдастырылған халықаралық турнирде екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. 50, 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қандасымыз күміс медаль иеленді.
Спорт • 28 Мамыр, 2025
Алматыдағы «Парасат» орталығында ардагерлер арасында бильярдтан халықаралық турнир өтті. Жарыс белгілі инженер, «Құрмет» орденінің иегері, Талдықорған қаласының Құрметті азаматы, республикалық Бильярдшылар одағының президенті Жақсықұл Мырзахметұлының құрметіне арналды.
Спорт • 27 Мамыр, 2025
Францияның Страсбург қаласында өткен «WTA 500» турнирі еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның жарқын жеңісімен аяқталды. Жүлде қоры 925 661 еуроны құраған жарыстың бастапқы бәсекелерінде Ван Синьюй (Қытай) мен Магда Линетті (Польша) ұтқан ол жартылай финалда Беатрис Хаддад Майяны (Бразилия) жеңді. Финалда жерлесіміз әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Людмила Самсоноваға 6:1, 6:7, 6:1 есебімен сан соқтырып, бас жүлдемен қатар, 142 610 еуроны қоржынына салды.
Спорт • 23 Мамыр, 2025
Сингапурдан 11 жүлдемен оралды
Сингапурда көркем гимнастикадан қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарыста еліміздің құрамасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, 11 жүлде олжалады.
Теннис • 23 Мамыр, 2025
25 мамырда Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің бірі – Ролан Гаррос басталады. Жүлде қоры 56 352 000 еуроны құраған байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік теннисшілері бақ сынайды. Солардың қатарында еліміздің де өкілдері бар. АТР мен WTA рейтингінде ТОП-100-дікке еркін енген Александр Бублик (АТР №73), Александр Шевченко (№92), Елена Рыбакина (WTA №11), Юлия Путинцева (№24) турнирдің негізгі бөлігіне бірден жолдама алды.
Спорт • 23 Мамыр, 2025
Жарыс күнделігі: Үстел теннисі
Қатар астанасы – Дохада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Еліміздің ойыншылары арасынан үздіктер тізімінде 60-орынға жайғасқан Кирилл Герсименко ең жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алғашқы айналымда сингапурлық К Чюды жеңсе, келесі кезеңде әлемдік рейтингте өзінен 31 саты жоғары тұрған жапониялық Хироко Шинозутаға шаң қаптырды. Енді 1/16 финалда бразилиялық Уго Кальдераномен күш сынасады. Өкінішке қарай, өзге жерлестеріміз бастапқы бәсекелерде жеңіліс тапты.
Спорт • 21 Мамыр, 2025
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) осы спорт түрін серік еткен саңлақтар арасынан ең үздіктерді анықтады. Аталған ұйым Аргентинаның арланы Лионель Мессиді теңбіл доптың теңдессіз шебері деп таныды. Екінші және үшінші орындарды Пеле мен Диего Марадона иеленді. Сондай-ақ ТОП-10-дықтың қатарында Криштиану Роналду, Йохан Круифф, Роналдо, Зинедин Зидан, Франц Беккенбауэр, Альфредо де Стефано, Роналдиньо сынды дүлдүлдер бар.