Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3260 материал табылды

Спорт • 20 Тамыз, 2019

Футзал: «Қайрат» «Каспий кубогына» қатысады

22-25 қыркүйек аралығында Ресейдің Астрахань қаласында футзалдан «Каспий кубогы» жолындағы жарыс өтеді.

Спорт • 19 Тамыз, 2019

«Испания Вуэльтасына» кімдер қатысатыны белгілі болды

24 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында велошабандоздар арасындағы биылғы маусымның ең соңғы Гранд-туры – «Испания Вуэльтасы» өтеді.

Теннис • 19 Тамыз, 2019

Бүгін теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі басталады

Бүгін «Үлкен дулыға» санатына жататын теннисшілер арасындағы ең ірі турнирлердің бірі – АҚШ-тың ашық біріншілігінің іріктеу сындары басталады.

Спорт • 19 Тамыз, 2019

«Барыстың» қатары америкалық хоккейшімен толықты

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қатары америкалық ойыншымен толықты.

Спорт • 05 Тамыз, 2019

Бозкілемде – бұрымдылар

Қазақстанның барша жанкүйері 14-22 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қыздарға айрықша сенім артып отыр. Олимпиада бағдарламасына енген спорттың бұл түрінен айтулы жарыстың тұсауы 1987 жылы кесілген еді. Сол кезден бері бұрымдылар барлығы 29 рет бас қосқан екен.

Спорт • 25 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтанда еркін күрестен әлем чемпионаты өтеді

Еркін күрестен Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты 19-22 қыркүйек аралығында өтеді. 2020 жылы Жапонияның бас шаһары – Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын жарысқа бұл күндері Әсет Серікбаев жетекшілік ететін Қазақстанның ұлттық құрамасы тыңғылықты даярлануда. Команданың алдында тұрған басты мақсат – төртжылдықтың басты додасының лицензиясын молынан олжалау. Ал ондай құрметке тек әр салмақ дәрежесі бойынша алғашқы алты орынды иеленген балуандар ғана бөленеді.

Спорт • 18 Шілде, 2019

20 жыл аңсаған алтын...

14-22 қыркүйек аралығында Жер жаһанның ең үздік балуандары Алаш топырағына табан тіреп, Нұр-Сұлтанда өтетін әлем чемпионатында күш сынасады. Осы жарыста алғашқы алты орынды иеленген спортшылар келесі жылы Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу құқығына ие болады. Өз елімізде, өз жерімізде, өз жанкүйерлеріміздің көз алдында өтетін байрақты бәсекеде Қазақ елінің өрендері табысты өнер көрсетіп, барынша мол жолдамаға иелік етеді деген сенімдеміз. Бүгінгі әңгімеміз – грек-рим күресі жайында.

Спорт • 05 Шілде, 2019

Күрес: Алғашқы күні бес жүлде

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күні боз кілемге шыққан балғын балуандарымыз 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді олжалады.

Спорт • 05 Шілде, 2019

Михаил Кукушкин әлемнің 12-ракеткасын ұтты

Бұл күндері Ұлыбританияда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінде еліміздің бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин табысты өнер көрсетуде.

Спорт • 05 Шілде, 2019

Футзал: «Қайрат» пен «Аяттың» қарсыластары белгілі

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды.