
Маман • 08 Сәуір, 2025
Билік пен бизнес білікті маман даярлауда бірікті
Қазақстан тәуелсіздік алған соң көптеген ескі зауыттар жекешеленіп модернизациядан өтті. Қаншама жаңа кәсіпорын пайда болды. Бұрынғы технологияның орнына жаңасы келді. Өндіруші кәсіпорындар шетелден заманауи қондырғылар әкеп орнатты. Осының бәрі кейін сол технологияның тілін білетін мамандарды қажет етті. Бастапқыда кәсіпкерлер шетелден шеберлерді шақыртты. Олар жергілікті мамандарға өндірістік желілердің қыр-сырын үйретті. Осылайша елімізде білікті мамандар шоғыры қалыптаса бастады.
Тарих • 07 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар
Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2025
Фосфоршылар мәдениет сарайы жаңадан бой көтереді
Шымкентте «Фосфоршылар мәдениет сарайы» қайта салынатын болады. Осыған орай ғимарат орналасқан жерде жаңа құрылыстың капсуласын салу рәсімі өтті. Оған қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, «Сәби» қайырымдылық қорының негізін қалаушылар – эколог Әсел Тасмағамбетова мен кәсіпкер Кеңес Рақышев қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2025
Шымкентте көркем гимнастикадан халықаралық жарыс өтті
Еліміздің үшінші мегаполисінде орналасқан «Көркем гимнастика спорт кешенінде» көркем гимнастикадан Шымкент қаласының ашық чемпионаты 3 күн бойына жалғасты. 1-4 сәуір аралығында өткен бұл жарыста спортшылар Қазақстанның бірнеше облысынан келді, тіпті көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де көркем гимнасшылар келіп қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
«Мархабат» журналы қанат қақты
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.
Шымкент • 11 Қаңтар, 2025
Бәсекелестікті күшейтетін бастама
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде халықпен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Шымкент әуежайында жаңа терминал іске қосылды. Бұл шаһардың әуе қақпасының мүмкіндігін анағұрлым арттыра түспек. Инфрақұрылымдық жаңғырту бағытындағы ауқымды жоба сөзсіз қала өміріндегі айшықты оқиға болып тұр.
Шымкент • 24 Желтоқсан, 2024
Үкімет энергетика, коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мақсатында ұлттық жоба әзірлеп жатыр. Құжат жақында қабылданады. Шымкент қаласын сумен жабдықтаушы мекеме «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Ұлттық жобада үлгілі кәсіпорын ретінде қарастырылып отыр.
Денсаулық • 18 Желтоқсан, 2024
Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған мектеп ашылды. Оның мақсаты – адамды есінен айырып, өзіне тәуелді қылатын түрлі психотропты заттарға уланған жандарға психологиялық көмек көрсету. Аталған мектеп, сонымен бірге нашақорлық пен есірткі бизнесіне, ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл кешені жоспарын, наркологиялық, токсикологиялық көмекті жетілдіру шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында ашылып отыр.
Жоба • 12 Желтоқсан, 2024
Жас экологтердің озық жобалары
Жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жастарды да толғандырады. Осы орайда Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің белсенді студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, тың жобаларды қолға алды.