Taza.kz
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
652 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 19 Тамыз, 2025

Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі

Прокуратура органдарының жұмысы бас прокурордың айқындаған міндеттеріне негізделеді. Ол бірінші кезекте қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қылмысты азайтуға бағытталатыны белгілі. Сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, аймақтың ерекшелігіне қарай туындаған өзекті мәселелерді шешу – прокуратураның басты міндеті.

Шымкент • 16 Тамыз, 2025

«Шымқала» аумағындағы нысандар терең зерттеледі

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жастар сарайында қала тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында А.Балаева Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен соның аясындағы саланың негізгі жобалары жайында көпшілікке баяндап, сол бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Кәсіпкер • 15 Тамыз, 2025

Кәсіпкерлікті дамыту: мүмкіндік те көп, қолдау да бар

Шымкенттің кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекованың төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдікке қарасты басқарма басшылары, «Даму» АҚ мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері, қаланың креативті индустрия мен іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.

Медицина • 13 Тамыз, 2025

Медициналық туризмді дамытудың әлеуеті

Шымкент – дем алуға да, ем алуға да жайлы қала. Кейінгі кезде шаһарда медициналық туризм кең өріс алып келеді. Бүгінде Шымкентті еліміздегі трансплантология саласының орталығы деп те атайды. Осы күні Шым­қалаға дертіне дауа іздеген жандар алыс-жақын шетелдерден де жиі келетін болған. Бұл – медицинаның әлеуеті артқанын әйгілесе керек.

Әскер • 08 Тамыз, 2025

Ұлттық ұлан сарбаздары ерекше челлендж өткізді

Биыл 180 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатқан Ұлы ақын Абай мұрасын ұлықтауға Ұлттық ұланның әскери бөлімдері де белсенді түрде атсалысуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай • 08 Тамыз, 2025

Көліктегі өртті сөндіріп үлгерді

Шымкенттік полицейлер кезекшілікте жүрген кезінде кенет көліктен шыққан өртті байқап қалып оны дер кезінде сөндіріп үлгереді. Осылайша тәртіп сақшылары өрттің салдарынан туындауы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент • 08 Тамыз, 2025

«Қазақ халқына әрқашан қарыздармыз»

Еліміздің баға жетпес байлығының бірі – ол ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық татулығы. Қоғамның тыныштығын сақтау, халықты бірлікке ұйыстыру бүгінгі қоғамның басты міндетіне айналды. Ал осынау мемлекеттік стратегияны жүзеге асырып отырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Шымкент • 08 Тамыз, 2025

Тұрақтылық бағытындағы қажырлы еңбек

Шымкент қаласындағы Достық үйінен Ассамблеяның тыныс-тіршілігіне қатысты көптеген қызықты дүниелерді табуға болады. Мәселен, онда этномұражай ашылған. ­Жұмыс кабинеттерінен бөлек, мұнда мәжіліс пен концерттік ­залдар да бар.

Білім • 05 Тамыз, 2025

Білім саласы серпіліс алдында тұр

Өткен оқу жылы Шымкент қаласының білім саласы үшін толағай жетістіктермен есте қалды. Қалалық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлнара Дәрібаеваның айтуын­ша, оң нәтижелерге ұстаздар қауымымен бірге білім саласына жауапты барлық маман лепті үлес қосты. Мемлекет тарапынан кейінгі жылдары қаржы мен көңіл бөлінуінің нәтижесінде салада оң өзгеріс орын ала бастады.

Яндекс.Метрика