Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 23 Мамыр, 2019

Әулиеаталық өнерпаздар өзбек өңірінде

Қазақстан және Өзбекстан елдерінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени байланысын одан әрі нығайту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен облыстың өнер шеберлері өзбек жерінде болып, «Жамбылдан Жизаққа тарту» атты мәдени іс-шарасы Жизақ облысының Мырзачөл ауданынан бастау алды.

Руханият • 21 Мамыр, 2019

Кентавр ақынның көркем әлемі

Қазақтың қара өлеңінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан атақты ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы биыл 50 жасқа толып отыр.

Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

Өнім өңдеуді жолға қойды

Мойынқұм ауданы – Жамбыл облысындағы ең шалғай аудан­дар­­дың бірі. Әрдайым орманды даласымен, жалпы табиғат бай­лы­ғымен, алтын кеніштерімен ерекшеленген аудан бүгінде ірі өнер­­кә­сіп кәсіп­орындарының өнім өндіру орталығына да айналып келеді.

Аймақтар • 16 Мамыр, 2019

Сарысу ауданында кәсіпкерлер көпбалалы аналарға баспана алып берді

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, оларды баспанамен қамту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Енді бұл бастама өңірдің аудандары мен ауылдарында да қолдау тауып отыр. Қасиетті Рамазан айында Сарысу ауданында қос бірдей отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Кәсіпкер Тоқтасын Біләлиев көпбалалы отбасыларға үй алып берді.

Сайлау • 15 Мамыр, 2019

Әулиеаталықтарды лайықты таңдау жасауға шақырды

Бүгін Nur Otan партиясы Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабының мүшелері өңірдегі ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиынды партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб мүшесі Ерқанат Манжуов ашып, жүргізіп отырды.

Руханият • 15 Мамыр, 2019

Кененнің кемел кеңістігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қалаларынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақса­тында әйгі­лі ком­позитор, атақты ақын Ке­нен Әзір­баевтың 135 жыл­дығына орай Жам­­был облысы әкімдігінің қол­да­уымен, облыстық мә­де­ниет, архивтер және құ­жаттама басқармасы Кенен Әзірбаев атындағы Жам­был облыстық фил­ар­мо­ниясының ұйымдас­ты­руымен Кенен атын­дағы ІХ республикалық «Шырқа, даусым!» дәстүрлі әншілер конкурсы өтті. Аталған өнер до­дасына шетелдерден, сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түр­кістан, Қызылорда, Қара­ған­ды, Семей, Тараз қала­ла­­рынан және Жамбыл об­лы­сының бірқатар елді­ ме­кенінен 33 өнерпаз қатысты.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2019

Қаратаулықтардың қуанышы

Жуырда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясын­да Талас ауданы, Қаратау қаласында жаң­ғыр­ту­дан өткен 60 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Талас ауданының әкімі Досмаханбет Әлиев қаратаулықтарға пәтер кілтін табыстады.

Сайлау • 13 Мамыр, 2019

«Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Таразға келді

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Ауыл» Халықтық демократиялық-патриоттық партиясының атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және сайлаушылармен кездесу өтті.

Аймақтар • 13 Мамыр, 2019

Тұрғын үйлерге партиялық бақылау жүргізілді

Nur Otan партиясы Пар­тия­лық бақылау қызметінің басшысы Дәурен Бижұманов пен Партиялық бақылау қызметінің инспекторы Нұрлан Баймұрзаев Тараз қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізді.

Руханият • 12 Мамыр, 2019

Тараз қаласында «Даңқ» залы ашылды

9 мамыр – Ұлы Жеңістің 74 жылдығы Жамбыл облысында жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекеге арналған облыс орталығындағы салтанатты шаралар легі қаладағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды. А.Сухамбаев, Ы.Сүлейменов, З.Космодемьянская, Т.Тастандиев ескерткіштеріне, әл-Фараби көшесіндегі обелискіге гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, Ассамблея хатшылығының, зиялы қауым өкілдері және тағы басқалар, барлығы 5 мыңға жуық адам қатысты.