Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 12 Маусым, 2020

Жамбыл облысында карантиндік шаралар қайта күшейтіледі

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 467 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 289 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылған. Дегенмен, облыстың бас санитар дәрігері Ғазиз Надуев өңірде карантиндік шаралардың күшейтілетінін мәлімдеді. Облыстағы карантин режимінің ұзартылуы коронавирус инфекциясының көбеюінен болуы мүмкін.

Үкімет • 12 Маусым, 2020

Асқар Мамин Жамбыл облысында зауыт құрылысын бастап берді

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Жамбыл облысында  болды. Үкімет басшысы Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде еліміздің Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 12 Маусым, 2020

Бес мың шақырым жолда бес мың ақау бар

Жамбыл облысында жол жөндеу жұ­мыс­тары жүйелі жүргізіліп келе жат­­қанымен, уақыт өткен сайын түр­­лі кемшіліктер де анықталуда. Жа­уап­сыз жұмыстың кесірінен қа­зы­на қаржысының желге ұшып, жы­­лым­ға кетіп жатқанын көруге бо­лады.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Жамбыл облысында еңбек қатынастары қалай қалыптасқан?

Жамбыл облысының әкімдігінде бүгінде өңірдегі еңбек қатынастарының қалай қалыптасып отырғандығы жөнінде мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904 жұмыскер ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбағандықтан, 10904 адам қашықтықтан, 4109 адам толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Алға қойған мақсаты үлкен

Ауылды жерлерде тұратын тұрғындар үшін де қазіргі кезде өзінің жеке кәсібін бастауға барлық мүмкіндік бар. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие қарастырылған. Қолдау нәтижесінде көптеген ауылдықтар кәсіп бастап, нәсібін содан табуда.

Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Жамбыл облысында 305 жобаның құжаттары әлі дайындалмаған

Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, өңірде 2019-2020 жылдарға жоспарланған 412 жобаның 305-і бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әлі дайындалмаған. Оның 56-сы күзге дейін мақұлданбақ. Жобалардың көпшілігі Тараз қаласында және Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында жүзеге асырылмаған.

Аймақтар • 10 Маусым, 2020

Жамбыл облысында бірнеше ауылға ауыз су мен газ жетеді

Бүгінде Жамбыл облысының тұрғындарын ауызсу және газбен қамту өзекті мәселелердің бірі. Аталған мәселеге орай, облыстық әкімдікте жиын өтіп, ауыз су және газ тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 10 Маусым, 2020

Әулиеатаның өзіндік брендін әйгілейтін кезең келді

Қазақ даласының қай қиыры да қазынаға толы, тарихқа бай. Еліміздегі еңселі әрбір шаһар, өркен жайған өңірдің бәрінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ұлы даланың барлық аймағынан тіршілікке қолайлы, өмір сүруге тиімді жайлылықты кездестіруге болады. Сонымен қатар әр өлкенің өзіне ғана тән, өзгелер қызыға қарайтын да бренді қалыптасқан. Мәселен, Түркістан дегенде бірден әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі еске түседі. Кезінде Әмір Темір салдырған алып кешенде ұлт тарихындағы ұлы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан.

Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Жамбыл облысында шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Биылғы жылы «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының болжамына сәйкес, Жамбыл облысындағы 10 010 гектар алқапқа саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Аймақтар • 09 Маусым, 2020

Жамбыл облысынан 57 отбасы қоныс аударған

Бүгінгі таңда Жамбыл облысынан еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлеріне 57  отбасы, яғни 163 адам қоныс аударған. Оның ішінде Павлодар облысына 11 отбасы, Қостанай облысына 20  отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы және Шығыс Қазақстан облысына 6 отбасы бар.