Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Жамбыл облысында «Волонтер дәрігерлер қозғалысы» құрылды
Биылғы жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Волонтер жылы» деп жарияланған болатын. Президенттің қатысуымен өткен «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімінде «Саулық», «Таза әлем», «Асыл мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» атты еріктілік қызметтің негізгі 6 басым бағыты белгіленген еді.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
«Alima DELUXE» компаниясы өз кәсібін Жамбыл өңірінде жүзеге асырады
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Alima DELUXE» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа отырды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2020
Бердібек Сапарбаев Жамбыл ГРЭС мәселесін шешуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық, энергетикалық және өнеркәсіптік нысандардың жұмысымен танысты. 1967 жылдан бері үздіксіз жұмыс атқарып келе жатқан «Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС» кәсіпорнының соңғы уақытта жүктемесі 30 пайызға дейін төмендеп кеткен. Аталған кәсіпорын жұмысымен танысқан әкім ондағы шұғыл шешілуі қажет басты мәселелерді атап өтті.
Қоғам • 18 Ақпан, 2020
Бұрнағы жылдары көктем келіп, күн жылынған кездерде Жамбыл облысының аумағындағы Талас және Аса өзендерінің арнасынан асып, тасығаны ел есінде. Бір жағы бұл мәселе көрші Қырғыз Республикасының «Киров» су қоймасынан жіберілетін судың мөлшерінен асып кеткенінен де болған.
Руханият • 17 Ақпан, 2020
Латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жайы талқыланды
Бүгінгі таңда елімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Дей тұрғанмен, бұл мәселеде бір тоқтамға келу, нақты ұсыныстарды қабылдау әлі де өзекті күйінде қалып тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтаса да, бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар екенін айта келіп, тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керектігін тапсырған болатын. Бұл тарихи шешімді жүзеге асыруда тілші-ғалымдардың еңбегі орасан.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2020
Жамбыл өңірінде азық-түлік бағасы бақылауда
Қарапайым тұрғындар үшін азық-түлік бағасының тұрақтылығы аса маңызды. Расында да, қала ішіндегі қаптаған сауда нүктелерінде, базарларда көп ретте бағаның тұрақты болмайтыны жасырын емес. Бұл халық үшін тиімсіз. Алайда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев басты талап – әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу керектігін ескертті.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2020
Қордай қақтығысынан 185 адам зардап шеккен
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында жұмыс сапарымен болып, аудандағы төтенше жағдай салдарын жою бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Жиынға жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2020
Жамбылдық еріктілер жалғызбасты анаға қолдау көрсетті
Жамбылдық бір топ еріктілер республикалық «Біргеміз» акциясы аясында Тараз қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Гүлжан Есқараеваның үйіне барып, қолдау көрсетті.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2020
Бердібек Сапарбаев: Ең басты талап – Президенттің тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау
Жуырда Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалған Бердібек Сапарбаев алғашқы аппарат кеңесін өткізді. Жиында өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы сөз болды.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2020
Өткен жылы Жамбыл облысында 35,5 мың гектар жер игерілмеген
Бүгінгі таңда Жамбыл облысының жер қоры 14427,5 мың гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, елді мекендердің жерлері, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, орман қорының және су қорының жерлері бар.