Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл өңірінде қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды
Жамбыл облысында қант қызылшасын жинау науқаны аяқталды. Нәтижесінде 5494,9 алқаптан 173 748,8 тонна тәтті түбір жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7168 тоннаға артқан.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2019
Бүгінде қоғамда мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отыр. Қыс мезгілі келіп, соғым уақыты таяғанда мал ұрлығының тіпті жиілеп кететіні де рас. Ал сол мал ұрлығының өңірлерде ашылу көрсеткіші қандай деген мәселе де бар. Сонымен қатар адамдарды еңбекке заңсыз жегу сияқты мәселелер де күн тәртібінде өте өзекті. Яғни ел арасында кейбір шаруалардың шетелдік азаматтарға малын бақтырып қою әрекеті де толастамай отыр.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысы: Бір күнде төрт нысан ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, Байзақ ауданында бір күнде 4 нысан пайдалануға берілді.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2019
Таразда балалар қауіпсіздігіне арналған жиын өтті
Бала тәрбиесі қай кезде де қоғамның басты мәселесі. Өкінішке қарай, соңғы кезде кәмелетке толмаған балаларды зорлау фактісі елімізде жиі тіркелуде. Биылғы жылдың өзінде Жамбыл облысының Талас және Шу аудандарында да осындай азғындық әрекет орын алған болатын.
Тағайындау • 03 Желтоқсан, 2019
Тараз қаласының әкімі тағайындалды
Соңғы кездері Жамбыл облысының саяси өмірінде бірқатар ауыс-түйістің орын алғаны белгілі. Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласының активіне шаһардың жаңа басшысын таныстырды.
Тағайындау • 29 Қараша, 2019
Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйістер болып жатыр
Бүгін Жамбыл облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жамбыл ауданына арнайы барып, аудан активіне ауданның жаңа басшысын таныстырды. Тараз қаласының іргесінде орналасқан Жамбыл ауданына әкім болып Сәкен Арубаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін бірқатар мемлекеттік қызметтің сатысынан өткен, Мойынқұм ауданын басқарған. Соңғы уақытта Жамбыл облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Жуалы ауданында «Қараалма» кешені ашылады
Тарихы терең Әулиеата өңірін туристік аймаққа айналдыру бүгінде өңір үшін күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Сонымен қатар табиғат тамашаларын да тиімді пайдалану аймақ туризмін дамытуға жол ашпақ. Бұл ретте тосын табиғатымен ерекшеленетін Жуалы ауданында «Қараалма» тау шаңғы базасын ашу қолға алынған болатын.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Тұлға ескерткіші тұғырға қайта қонды
Өткен жылы даңқты жырау Жамбыл Жабаевтың Тараз қаласындағы бұрынғы көк базардың маңында тұрған ескерткіші орнынан алынып, оның көшірмесі былтыр қазан айында облыстық әкімдік ғимаратының алдына қойылған болатын. Әрине, бұл бастаманы құптағандар да болды. Алайда жарты ғасырдан астам уақыттан бері Әулиеата өңірінің төлқұжатына айналған алып шойын ескерткіштің тұғырынан түсуіне және әкімдік ғимаратының алдына оның көшірмесінің қойылуына өңірдегі бірқатар азамат наразылық та білдірген еді. Бірақ көптеген наразылыққа қарамастан атақты мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың бұл әйгілі туындысы «Жасыл Тараз» мекемесінің қоймасына қойылды.
Аймақтар • 29 Қараша, 2019
Жамбылдық шаруалар қой еті экспортына үлес қосады
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе мал шаруашылығымен айналысамын деушілер үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдікпен несиелер беріліп, саланы дамытудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған. Мәселен Жамбыл облысында қой шаруашылығын қолға алған шаруалар көп. Олар да мемлекеттің қолдауына қол жеткізіп отыр. «ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымдарының бірі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мал шаруашылығын қолдауға бағытталған несиелеу бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Жеңілдікпен берілетін несие қаржысына шағын шаруашылықтар ірі қара, ұсақ мал, жылқы, құс, бал араларын сатып ала алады.
Аймақтар • 28 Қараша, 2019
Биыл Таразда көпбалалы отбасыларға 142 пәтер сатып алуға қаражат бөлінді
Ағымдағы жылы Тараз қаласындағы көпбалалы отбасыларға 142 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 191,0 миллион теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.