Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1799 материал табылды

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Қаскөйлерге тосқауыл қойылатын болды

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне теңізде тез жүргіш 2 катер сыйға тарту етілді. Осылайша күннің ыстығы мен суығында табиғат қорғаушылардың қызмет етулеріне жағдай жасалды. Ал осындай мүмкіндік «Теңізшевройл» ЖШС келіссөздер жүргізудің нәтижесінде мүмкін болып отыр, деп хабарлайды Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Жиында әскердегі тәрбие жұмысының жетілдірілуі талқыланды

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбиеші офицерлерімен әскердегі тәрбие және идеологиялық жұмысты жетілдірудің, оған инновациялық идеяларды енгізу мен бөлімшелердегі микроклиматты жақсартудың негізгі бағыттары бойынша оқу жиындары өткізілді. Бұл туралы аталған қолбасшлықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Маңғыстауда шахматтан ел чемпионатының жартылай финалы өтуде

Ақтау қаласында шахматтан ерлер мен әйелдер арасында 2020 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының стандартты «классикалық» түрінен жартылай финалы басталды. Бұл туралы «Қоғамдық Коммуникация Орталығында» Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін атқарушы Қанат Жұмабаев мәлім етті.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Маңғыстау: Былтыр 229 мыңнан астам электронды цифрлық қолтаңба берілді

Электронды қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидасына сәйкес, фронт-офистерді кеңауқымды трансформациялаудан өткізілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Маңғыстау облысында теңіз жаяу әскерінің тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Теңіз жаяу әскерінің рота-тактикалық тобы «Оймаша» полигонына тактикалық оқу-жаттығу өткізуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Университет студенттері тергеушілермен кездесті

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті Тергеу басқармасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының тергеу саласы қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру, тергеу саласына білікті, жас заңгер мамандарды тарту, сонымен қатар, Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг Университеті арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

«Қазақша күрес» чемпионатында «Түйе палуан» номинациясын полицейлер жеңіп алды

Кеңес одағы әскерінің Ауған территориясынан шыққанына 31 жыл толуын атап өту мақсатында, Маңғыстау облысы ПД және «Динамо» спорт қоғамының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы құқық қорғау органдары арасында «Қазақша күрестен» чемпионат ұйымдастырылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

«Саятшылық – сал-серінің сарқыты» этнографиялық шарасы өткізілді

Маңғыстауда «Адай ата – Отпан тау» кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілердің қатысуымен дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық шара болып өтті. Бұл туралы кешеннің көпшілік-экскурсия бөлімінен хабарлады.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» былтыр 815 580 мемлекеттік қызмет көрсетті

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді 13 фронт-офис, 3 мобильдік ХҚКО жүзеге асырады. Бұл туралы аталған корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Таным • 17 Ақпан, 2020

Аққорған оқиғасы

Инфекциясы табиғаттағы жабайы кеміргіштерде сақталатын өте қауіпті жұқпалы ауру арагідік Маңғыстауда да бой көрсетіп, дүйім елді дүр сілкін­дір­ген кездер болған екен. Бірі – Екі­нші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары бір үйдің тұлымшағы желбіреген жал­ғыз қыз баласы ауырып, оны тікұшақпен бел­гісіз жаққа алып кеткені айтылады. Ел аузында айтылатын екінші оқиға – 1964 жылы Бекінің маңында пішеншілер арасында түйенің етін жеп, оба ауруына шал­дыққан бір жігіттен тараған инфекция тағы да 3-4 адамның өмірін алып кет­кен қайғылы жағдай болса, үшіншісі – 1973 жылы «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы кеңшардың орталығы Шайыр ауылынан 10-15 шақырым жердегі Аққорған ауылында орын алған еді.