Ақтауда Көрсетілген шектеулердің негізінде 4 жұмыс тобы құрылды. Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары осы құрылған топтармен бірлесе 70-тен астам көңіл көтеру орындарын, компьютерлік және бильярд клубтар тексеріліп, оның ішінде 14-і ашық тұрған. Олардың иелеріне ережелер түсіндірілді, берілген 15 минут уақыт ішінде орындар жабылып, ескертілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Енгізілген режимге сәйкес мейрамханалардың, кафелердің, өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты шектелді – олар 22.00-ге дейін жұмыс істейді. ІІМ министрі Е.Тұрғымбаевтың төтенше жағдайлар туралы бірнеше айтқанына қарамастан Ақтау қаласының 26 шағын ауданында орналасқан «Свежак» орны көрсетілген уақыттан кейін де жұмыс жасаған. Әкімшіге қатысты ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Келушілерге ережелер түсіндіріліп, үйлеріне таратылды.
5 жұмыс тобы бөлініп, әр шағынаудан бойынша қарап шықты. Атап айтсақ, 1-9 шағынаудан, 10-19 шағынаудан, 20-29 шағынаудан, 30-35 шағынаудан (Шығыс 1, 2,3) және Приозерный, Өмірзақ ауылындағы көңіл көтеретін орындар мен компьютер, бильярд клубтары қаралды. Тәртіпті бұзғандар барлығы берілген уақыттың ішінде келушілерді таратып, есігін жапты. Тәртіпке бағынбаған 1 кафе иесіне әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кетейік, Ақтауда 220-дан астам көңіл көтеру орны бар. Жұмыс тобы түнгі тексерулерді күн сайын жалғастыратын болады.
-Елімізде жарияланған төтенше жағдай бойынша біраз шектеулер қойылды. Оның ішінде шағын және орта кәсіп субъектілері бар. Сағат кешкі 22.00-ге дейін кафе, мейрамхана, барларға шектеу қойылған. Енді қарап тексеріп келе жатырмыз, өзіңіз көргендей 80%-ы жабық екені, жарлыққа сәйкес шара қолданғанын көрдік. Ал, әлі күнге дейін жасап жатқандарына ескерту жасалып, ережемен танысып, иелері жапты. Алдағы уақытта осы жұмыстар жалғасады, қадағалаймыз,тексереміз. Қалалық әкімшіліктің және полиция басқармасының бақылауында болады. Алғашқы шара ескерту. Егер келеңсіз жағдай болып жатса, яғни тағы да ашық болып, заңға қайшы келіп жатса, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, 476- бап бойынша 10 АЕК айыппұл төлеуге шара қолданылады, деді Ақтау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Батыр Көшкінов.
Маңғыстау облысы