Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Жаңаөзенде полицейлер мұнай мекемесі басшыларымен кездесті

861 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасында мұнай ұйымдарының, кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өтті. Мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы заңды түсіндіру. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңаөзенде полицейлер мұнай мекемесі басшыларымен кездесті

Айта кету керек, екі ай ішінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-де қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 33 млн. 26 мың 727 теңгеге 5 600-ден астам хаттама толтырылды. Оның ішінде 20 млн. 520 мың 803 теңге сомасына 2 600-ден астам хаттама өндірілді.

Кездесу барысында Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері айыппұлдарды уақтылы төлемеу, төлемегені үшін жауапкершілік, осы жағдайда қолданылған шаралар сияқты мәселелер көтерілді. Егер тұлға айыппұлдарын төлемеген жағдайда жеке шоттары бұғатталып, автокөліктері айыптұраққа жабылатыны туралы полиция ескертіп айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЖҚЕ құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Айыппұлдары бар тұрғындардың қаперіне беретін жайт, салынған айыппұлды жеті күн ішінде 50 пайызы, не толық сомасын 30 күн ішінде төлеуге болады.

 

Маңғыстау облысы