Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Бүкіләлемдік банк өкілдері Маңғыстау соттарының жұмысымен танысты
Вашингтонның Бүкіләлемдік банкінің өкілдері Валид Малик және Клара Магани Ақтау қалалық және Ақтау қаласының №2 сотының жұмыстарымен танысты. Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Нұртай Алмашов, аталған соттардың төрағалары мен судьялары шетелдік қонақтармен кездесіп, сот жүйесіндегі реформалар мен әлемдік сот төрелігі туралы әңгімелесті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды
Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) аккредиттелуінен өтті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз хатшысы.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Дәрі-дәрмектер тек дәрігердің нұсқаулығымен ғана сатылу керек
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Айнагүл Жүнісбекова мәлімдеді.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
«Батыс» ӨңҚ «Әскери Альпиниада-2019» сайысына дайындалуда
«Батыс» ӨңҚ үздік әскери бөлімшелері Бас штабы бастығының кубогына өтетін «Әскери Альпиниада – 2019» сайысына дайындықтан өтуде. Бұл жарыс ҚР Қарулы Күштерінің таулы (альпілік) бөлімшелері арасында өткізілуде.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Қаламқас кенорнындағы №8237 ұңғымасы жанынан грифон пайда болды
2019 жылдың 22 мамырында сағат 18.20 шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы аумағында биіктігі 40-50 сантиметр су-газ қоспасының атқылауы (грифон) пайда болды. Сондай ақ, №8237 ұңғыма сағасында қысымның 4 атмосфераға дейін жоғарылауы байқалды. Жүргізілген арнайы шаралардан кейін құбыр ішіндегі қысым 2,2 атмосфераға дейін төмендеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2019
Маңғыстауда ПД басшысы тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді
Полиция департаментінің бастығымен кезекті тікелей эфир Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы өтті. Бұл жыл басынан бері полиция басшысының тікелей байланысқа төртінші рет шығуы. Қанат Таймерденов желі қолданушылардың сұрақтарына жауап беріп, мәселені шешу үшін нақты тапсырмалар берді деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Елбасы Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануына байланысты, жастарды кешенді қолдау мақсатында қажетті шаралар қабылдауды қаулы еткен болатын.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2019
Маңғыстауда жас жол инспекторлар слеті өтті
Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді бағыттарының бірі - әрбір мектепте «қозғалыстың жас инспекторлары» жасақтарының құрылуы және олардың тұрақты түрде жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Олардың негізгі мақсаттары – балалар мен жас өспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, жолдарда балалар жарақаттануының алдын алу.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Маңғыстауда «Startup Bolashak – Менің Арманым» байқауы өтті
«Startup Bolashak – Менің Арманым» жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының 3 маусымының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі 20-21 мамыр күндері Yessenov University-де ұйымдастырылды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2019
Маңғыстауда медиаторлар мектептерді аралады
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация орталығы аймақтағы өз қызметінің маңызды бағыттарының бірі білім беру жүйесінде медиацияның дамуын, атап айтқанда, мектеп медиация жобаларын әзірлеуді және жүзеге асыруды анықтайды.