Әскер • 04 Сәуір, 2024
Жүзге жуық ақтаулық әскерге шақырылушы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы, Маңғыстау облыстарындағы бөлімшелеріне аттанды. Дәстүрге сай әскерге шақырылған 22 жас жігітті шығарып салу рәсімі облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің саптық алаңында өтті.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2024
Маңғыстаулық құтқарушылар – Ақтөбеде
Су тасқынынан сергелдеңге түскен тұрғындарға көмек беру үшін Маңғыстаудан құтқарушылар көмекке аттанды. Ақтөбе облысы аумағына бара сала іске кірісккен маңғыстаулық құтқарушы мамандар мотопомпа арқылы суды сорып, құм дорбаларынан бөгеттер салып жатыр.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Бірлік оты – тарихы терең рәміз
Мемлекет басшысының бастамасымен биыл Наурыз мейрамы он күн тойланатын болса, ол бастауын Амал күнінен алмақ.
Ғылым • 14 Наурыз, 2024
«Жасыл сутегі» зауыты инженерін даярлайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына орай, Ш.Есенов университетінің (YU) және Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) бастамасы бойынша, DAAD неміс академиялық алмасу қызметінің қолдауымен Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп және Маңғыстау облысының өндірістік серіктестерінің жоғары қызығушылығына байланысты өткен жылдың қыркүйегінде Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды. Институт Маңғыстау облысындағы «жасыл сутегі» өнеркәсібінің қажеттілігін қанағаттандырып, Hyrasia Energy компаниясына мамандар дайындайтын болады. Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл сутегі» өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. KINI баламалы энергетика және жаңартылатын ресурстар саласындағы болашақ инженерлерді дайындайды.
Өнер • 12 Наурыз, 2024
Шетелдерге өнер сапары басталды
Ақпан айының соңында Қытай елінде өтетін дәстүрлі шамдар фестиваліне қатысып, қазақтың ұлттық құндылықтарын, ән-жырын Қытайда төгілтіп келген маңғыстаулық өнерпаздар енді Аустрия мен Латвияға концерттік бағдарламамен аттанды.
Әскер • 06 Наурыз, 2024
Балалар әскери ұшақпен саяхаттады
Ақтау гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары әскери ұшақпен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына аттанды.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2024
«Жасыл сутек» зауытының инженерлері дайындалып жатыр
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы тапсырмасына орай, Есенов университетінің (YU) және Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) бастамасы бойынша, DAAD неміс академиялық алмасу қызметінің қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Маңғыстау облысының өндірістік серіктестерінің жоғары қызығушылығына байланысты 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты ашылды. Институт Маңғыстау облысындағы жасыл сутегі өнеркәсібінің қажеттіліктерін қанағаттандырып, Hyrasia Energy компаниясына мамандар дайындайтын болады. Hyrasia Energy компаниясы (Svevind Energy GmbH еншілес компаниясы) Маңғыстау облысында «жасыл» сутегі өндіретін зауыт салу жобасын іске асырады. KINI баламалы энергетика және жаңартылатын ресурстар саласындағы болашақ инженерлерді дайындайды.
Экономика • 25 Ақпан, 2024
Маңғыстау-Мазендеран: Байланысты нығайту мүмкіндігі
Жуырда маңғыстаулық делегация Иран Ислам Республикасына бір аптаға сапарға барды. Құрамында облыстық, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер бар қызметтік сапардың мақсаты – ынтымақтастықты арттыру, депутаттардың тәжірибе алмасуы, денсаулық, кәсіпкерлік, туризм салалары мен экономикалық, сауда және мәдени байланыстарды нығайту.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2024
Маңғыстау облысының автопаркі заманауи автобустармен жаңартылды. Ақпан айының алғашқы күндерінен бастап облыс орталығы Ақтау қаласынан барлық аудандарға жолаушылар тасымалдау үшін метан газымен қозғалатын жайлы он автобус жолға шықты. Бұл бастама көліктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, өңірдің экологиялық тұрақтылығын сақтауға, сұйытылған газды тұтыну жүктемесін азайтуға бағытталған. Жаңа автобустар 53 орынға арналған және кондиционер жүйесі, қауіпсіздік камералары, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған аппарель, метан қозғалтқыш және GPS жүйесі сияқты барлық қажетті құрал-жаблықтармен қамтылған.